Қала күніне орай қыркүйек айында ұйымдастырылған мерекелік шараға бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысып, көркемсурет туындылары мен қолөнер бұйымдарынан арбат бойына көрме жасады. Осы мерекеге арналған мәдени іс-шаралар қарсаңында аға оқытушы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Асқат Абдешев батысқазақстандық суретшілермен бірге пленэрге қатысып, қаламыздың әсем жерлерін бейнелеп халықтың рухани дамуына қосқан үлесі үшін Орал қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар «Бейнелеу өнері және сызу», «Дизайн» мамандығының студенттері Ж.Турегалиевке, М.Қошақовқа, С.Бауетдинге, А.Аронұлына пленэрге шығып этюдтар жазғаны үшін университет әкімшілігі атынан алғыс хаттар берілді.