Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязовпен кездесу

14 қазан күні Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Орынбасарұлы Жұбаниязов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Бұл шара факультет студенттері мен оқытушылары үшін ғана емес, жалпы шығармашылық орта үшін де ерекше оқиға болды.

Өмірбек Жұбаниязов – қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі. Кездесу барысында экранда суретшінің бірқатар танымал туындылары көрсетіліп, әр шығармасына автордың өзі жеке тоқталып, мазмұнды түсіндірмелер берді. Сонымен қатар ол өзінің шығармашылық жолымен бөлісіп, өнерге қалай келгенін әсерлі әңгімелеп берді.

Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, шынайы сұхбат алаңы қалыптасты. Суретшінің жылы жүздесуі мен ашық әңгімесі, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы шығармашылық рух пен шабыттың жарқын көрінісіне айналды.

Кездесу соңында факультет деканы Қарлығаш Рақымқызы Қажымова Алматыдан келген қонаққа алғысын білдіріп, алғыс хат табыстады. Ал білім беру бағдарламаларының жетекшісі Жәмилә Қайынбаева суретшіге шағын сый-сияпат ұсынды.

 


Басып шығару