Меморандумға қол қойылды

2024 жылдың 28 наурызында жұмыс берушілермен кездесу өтіп, оған Сәкен Ғұмаров атындағы балалар көркемсурет мектебінің (ЮНЕСКО клубы), Құрманғазы атындағы музыкалық колледжінің «Дизайн» бағыты бойынша, «Текемет» көркемсурет галереясы мен «МЕКО» дизайн студиясының өкілдері, БББ жетекшісі Ж.С.Қайынбаева, мәдениет және өнер факультетінің деканы Қ.Р.Кажимова, сараман бөлімінің меңгерушісі Т.С.Ермекқалиев, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер тобы, оқытушылар мен бітіруші студенттер қатысқан болатын.

Кездесу барысында бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, «Арт-Декор. Қолөнер» және «Графикалық дизайн» атты жаңа білім беру бағдарламаларының мазмұнын, қолданыстағы білім беру бағдарламаларын, сараман базасын, жұмыс берушілер арасында сауалнаманы жетілдіру және жаңарту бойынша ұсыныстар және т.б. талқыланды.


Басып шығару