IХ «Зергерлер шайқасы» атты Халықаралық зергерлер байқауынан арнайы жүлде

Кафедра оқытушылары жыл сайын шығармашылық көрмелерге белсенді қатысып тұрады.

2021 жылдың мамыр айында Ресейдегі «Типтік зергер» атты ең ірі зергерлер алаңында IХ «Зергерлер шайқасы» (Битва ювелиров) атты халықаралық зергерлер байқауы өтті. Бұл конкурсқа бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушылары – ҚР Суретшілер одағының мүшелері Төлепберген және Самат Сарманбековтар қатысып, Зергерлік өнердегі ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін Арнайы дипломмен марапатталды.

Сондай ақ, әкелі-балалы зергерлер Сарманбековтар және аға оқытушы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Асқат Абдешев Атырау қаласында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Халықаралық «Atyrau Art Creative» атты online-көрмеге жұмыстарын қатыстырып, Сертификатпен марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.


Басып шығару