VI «Өнердегі Пропилеи» халықаралық көркемсурет байқауында жеңіске жетті

Татарстан астанасы Қазан қаласында өткен VI «Өнердегі Пропилеи» (Пропилеи искусства) атты халықаралық көркемсурет көрме-байқауына бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушылары – п.ғ.к. Жәмилә Қайынбаева, магистр Юлия Пак және Арай Лұқпанова «Алтын ханшайымның» тарихи киімін реконструкциялау жобасымен қатысып, «Тоқыма» номинациясы бойынша 1-дәрежелі лауреат атанды. 

Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі Жәмилә Советқызы Қайынбаева Ресейде өткен ХІІІ «Твердовские чтения» және V «Устойчивое развитие горно-предгорных территорий Краснодарского края: проблемы, поиски, решения» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында жоғары теориялық дәреже көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.


Басып шығару