6В02123 ББ – «Сән және костюм дизайны» мамандығының 1-курс студенті Мәдина Аманғалиева кафедра оқытушысы, магистр Әлия Есенғалиеваның жетекшілігімен Алматы қаласында өткен «Шығармашылық планетасы» атты Халықаралық фестивальге қатысып, дипломмен марапатталды.
Аға оқытушы Асқат Абдешевтің шәкірті Бауетдин Сырым (5В010700 ББ – «Бейнелеу өнері және сызу», 4-курс) Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтой аясында ұйымдастырылған «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің қорытындылау кезеңіне қатысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс хатқа ие болды.
5В041700 ББ – «Сәндік өнер» мамандығы бойынша 1-курстың студенті Бекешов Мейрамбек (жетекшісі – магистр Самат Сарманбеков) «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасымен өткізілген «Қолөнер – сырлы өнер» облыстық сәндік-қолданбалы өнер байқауына қатысып, «Ағаш ою өрнегі» номинациясы бойынша 2-орынды иеленді.
Қыркүйек айында «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының студенттері – Серікқалиева Мәдина, Қайыршақова Алтынай, Нұқасова Ләйлә, Зинешова Данагүл, Аяш Думан, Ибат Ескендір «Қала күні» мерекесіне орай «Жайықтың ұлы тұлғалары» атты студенттер көрмесіне қатысып, Орал қаласы әкімінің ризашылығына бөленді және оларға облыстық Мәдениет басқармасының алғыс хаттары табысталды.
https://artcul.wku.edu.kz/kk/novosti/16-kafedra-izobrazitelnogo-iskusstva-i-dizajna/196-nashi-studenty-prinimayut-uchastie-v-tvorcheskikh-konkursakh#sigFreeId21e22b3cb5