Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының меңгерушісі Кайнбаева Жәмила Советқызы 2019 жылдың 16-18 қазан аралығында Қазан мемлекеттік мәдениет институтының 50 жылдық мерейтойына арналған мәдениет және білім беру жөніндегі «КазГИК-50» халықаралық саммитіне (инстаграм: kazgik_official) қатысты (Қазан қ., Татарстан Республикасы, Ресей).
Халықаралық саммиттің салтанатты ашылуы 16 қазан сағат 12.00-де өтті.
Саммиттің пленарлық отырысы (Қазан қаласы, Орынбор трактаты,д. 3 (концерт залы). Бұл шараға Татарстан Республикасының Премьер-Министрі, Татарстан Республикасының Мәдениет министрі, Татарстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары, сондай-ақ шақырылған Финляндия, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Эстония, Өзбекстан, Венгрия, Франция, Перу елдерінен, Санкт-Петербург, Мәскеу, Волга федералды округінен ғылым, мәдениет және өнер саласының белгілі қайраткерлер қатысты.
Саммит аясында «Қазіргі заманғы өнер кеңістігі: жетекші ұғымдар мен жергілікті көркемсурет тәжірибелері», «Жаһандану жағдайындағы заманауи әлеуметтік-мәдени саланың даму үстемдері», «Кітапхана 4.0: миссиясы, стратегиясы, практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, «Туризм: теория және практика», «Театрдағы білім: проблемалары мен болашағы», «Аймақтардағы кино мен теледидардың даму болашағы. Мамандардың көзқарасы», «Теле және киноиндустрия үшін мамандар даярлаудың өзекті мәселелері», «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы музыкалық мәдениеттің заманауи дамуы» панельдік дискуссиялары, сонымен қатар «Алтын филь» бейнеарт, перфоманс пен хеппенингі Биеннале этнофутуризм шығармашылық алаңы өтті.
Жұмыстың бірінші күні 16 қазан сағат 16.00-17.00 аралығында Кайнбаева Жәмила Советқызы саммитінің бағдарламасы бойынша «Археологиялық зерттеулер негізінде ежелгі сарматтардың тарихи костюмін қалпына келтіру» шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты «Батыс Қазақстан облысының аймағындағы «Таксай-1» қорғанынан табылған «Алтын әйелдің» тарихи киімін қалпына келтіру» тақырыбындағы университетішілік ғылыми жоба жұмысының нәтижелерін бекітуге арналды (Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің 2019 жылғы 25 ақпандағы шешімімен бекітілген, хаттама № 6). Шеберлік сағаты туралы ақпарат КазГИК-тің ресми сайтында және Инстаграмдағы сілтемеде
(http://kazgik.ru/https://www.google.kz/search?source=hp&ei=m0KtXeuhCuSFmwXaqIDwDw&q=%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%86%D0%B8%
D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9+%D1%81%D0%B0%D0%B9%D1%82+%D0%
BA%D0%B0%D0%B7%D0%B3%D0%B8%D0%BA&oq=%D0%A1%D0%B0%D0%B9%D1%82+%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%93%D0%98%D0%9A&gs_l=psy )