Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР СО мүшесі Төлепберген Сарманбеков көп жылдық шығармашылық қызметі үшін Суретшілер Одағының «Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін» арнайы төсбелгісімен марапатталды. Еске сала кетейік, Төлепберген Рақымұлы осыған дейін аймақтық «Алтын қайық» көрме-конкурсының гран-при иегері, ҚР Астана қаласы Суретшілер Одағының «Құрмет» төсбелгісі мен ҚР Суретшілер Одағының Құрмет грамотасын алған еді.