Орал қаласы күні қарсаңында қалалық мәдениет бөлімі мүсіншілер арасында «Ізгілікті қала» атты симпозиум ұйымдастырған еді. Мүсіндеу өнері шеберлерінің бұл шарасына қатысқан батысқазақстандық 7 суретшінің бірі М.Өтемісов атындағы БҚУ аға оқытушысы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Асқат Абдешев «Бақыт» деп аталатын мүсін композициясын орындады. Ақтаудан әкелген ақ тастардан қашап жасалған мүсіндердің ашылу салтанатында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков алғыс хаттармен мүсіншілерді өз қолымен марапаттады. Бұл мүсіндерді қаламызда орналастыратын болады.