Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы оқытушыларының шығармашылығы

Кафедра меңгерушісі Жәмилә Қайынбаева қазан айында «Saýatty-el» білім порталында өткен ІХ «Педагогтың кәсіби стандарты: педагогика қызметкерлерінің кәсіби құзіреттілігіне қойылатын жаңа талаптар» атты қашықтан  өткен конференцияға қатысып, сертификат иеленді.

Кафедрамыздың магистрі, ҚР СО мүшесі Самат Сарманбеков өзінің зергерлік бұйымдарымен облыстық халық шығармашылығы ұйымдастырған «Қолөнер – сырлы өнер» атты сәндік қолданбалы өнердің облыстық онлайн байқауының 1-дәрежелі лауреаты атанды.

Аға оқытушымыз, ҚР СО мүшесі Асқат Абдешев Қадыр Мырза Әли орталығында қала тұрғындары мен қонақтарына графика өнерінен шеберлік сағатын өткізді, оған орталық басшысы Б.Халиолла алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, Омбы қаласында «Достық көпірлері» халықаралық көркемсурет жобасы аясында өткен «Барқыт-Бархат» Қазақстанның заманауи суретшілерінің топтық және VII «Молодые пастелисты Сибири» көрмелеріне қатысып, сертификат иеленді.

 

a1.jpg - 566.42 kBa2.jpg - 335.21 kB

a3.jpg - 136.01 kBa4.jpg - 99.25 kB

a6.jpg - 100.95 kBa7.jpg - 336.33 kB

a9.jpg - 128.35 kB


Басып шығару