Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының студенттері шығармашылық жұмыстарымен халықаралық, республикалық конкурстардан лауреат атанып жүр. Атап айтсақ, Республикалық «Дала сазы» байқауына «Бейнелеу және қолөнер» номинациясы бойынша қатысқан 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 2-курс студенті Қошақов Мейіржан Гран-при жүлдесін жеңіп алса (жетекшісі аға оқытушы Бақытгүл Молдашева), Д-31- топ студенті Жусупова Гульназ 1-орынға ие болды (жет. А.Абдешев). Кафедрамыздың аға оқытушысы Найля Бисакаеваның жетекшілігімен 5В042100 – «Дизайн» мамандығының студенттері Кубаева Малика ІІ халықаралық «Art-Yurta» көрме-конкурсынан «Сән және аксессуарлар дизайны» номинациясы бойынша 1-орынды иеленсе, Рамазанова Альфия «Біз біргеміз, біз үйдеміз!» республикалық байқауынан бейнелеу өнері және фортепиано номинациялары бойынша 2-орын алды. Сонымен қатар, ҚР СО мүшесі, магистр Асқат Абдешевтің жетекшілік етуімен 2-курс студенті Асауп Алдияр «Жұлдыздай жарқыра» атты республикалық сурет байқауының 1-орын, республикалық «Бұл әлем қандай тамаша» байқауынан «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Жусупова Гулназ 1-орын және Фото-өнер номинациясынан Алдиярова Лунара (Д-41) 3-орын жүлдегері атанды.