Рам Виранжан 2016 жылдың 31 қазанында сағат 11.30-да Орал қаласына ұшып келді. Әуежайдан оны университеттің Болон процесі бөлімінің жетекшісі В.С.Зубков, бейнелеу өнеріжәне дизайн кафедрасының меңгерушісі Ж.С.Кайнбаева, кафедра оқытушылары Н.Ж.Бисакаева және Э.Е.Файзуллина қарсылап, университет қонақүйіне жайғастырды.
01.11.2016 таңертеңгі сағат 8.00-де Рам Виранжанды бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы ұжымымен және студенттерімен таныстырып, кестеге сәйкес сабағын бастап кетті.
Дәл осы күні 15.00-де №7 оқу ғимаратының 306 дәрісханасында мәдениет және өнер факультеті ПОҚ-мен және студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мәдениет және өнер факультетінің деканы М.И.Исатаев, кафедра меңгерушісі Ж.С.Кайнбаева, болон процесі бөлімінен аудармашы Әйгерім қатысты.
ИИЧ-11, ИИЧ-12, ДИ-21 топтарында академиялық кескіндеме пәнінен сабақ өткізді
Рам Виранжан сабақ барысында натюрмортты акварель техникасында жазу барысын көрсетуде
2 қарашада Рам Виранжан М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры А.С.Иманғалиевпен, ОӘЖ жөніндегі проректор Ғ.Х.Жүсіпқалиевамен және болон процесі бөлімінің жетекшісі В.С.Зубковпен кездесті.
2-сінен 11-ші қарашаға дейін Рам Виранжан академиялық кескіндеме пәнінен 80 сағат көлемінде аудиториялық сабақ өткізді.
Рам Виранжан студенттерге акварель бояуымен фэнтази техникасында жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін көрсетіп, отмывка әдісін үйретті.
ИИЧ-12 тобында академиялық кескіндеме сабағы
Кафедра оқытушылары мен студенттеріне, жалпы білім беретін мектептер мен Құрманғазы атындағы саз колледжі, С.Ғұмаров атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімдері үшін акрил бояуы техникасында жұмыс жасау шеберлік класын өткізді.
Рам Виранжан 3-4 қарашада кафедра оқытушылары мен студенттеріне «Техника акриловой живописи в современном искусстве» тақырыбында шеберлік класын, 8-9 қарашада «Искусство как средство интеграции личности в мировую культуру» тақырыбында семинар өткізді.
2 қарашада Құрманғазы атындағы саз колледжінің ПОҚ-мен және студенттерімен кездесуге барды
ҚР суретшілер одағының мүшелері Сарманбеков Т.Р., Мадиров К.Н., Отаров М.Т., Абдешев А.С., Хабадашев Н.А. шеберханаларын аралап, кафедра оқытушысы Ш.Е.Катчекованың көркем тоқыма сабағына қатысты.
Кафедра оқытушысы, суретші А.С. Беккалиевамен әңгімелесті
5 қарашада профессор Рам Виранжан үшін кафедра Орал қаласының мұражайларына саяхат ұйымдастырды (Пугачев мұражайы, Пушкина А.С. мұражайы, облыстық өлкетану мұражайы)
Қалалық көрме залына барды
7 қарашада сағат 11.30-да облыстық Қазақстан-Орал телеарнасы Рам Виранжан шығармашылығына арнап бағдарлама жасады. Телебағдарламаға кафедра оқытушысы, ҚР суретшілер одағының мүшесі М.Т.Отаров және ИИЧ-11 тобының бірқатар студенттері қатысты.
15.00-де С.Ғұмаров атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімдері мен оқушылары кездесу ұйымдастырды.
8-11 қараша аралығында Рам Виранжан студенттермен болды. Академиялық кескіндеме сабағында студенттер кескіндеме техникаларының барлық түрінде (лессировка, алла-прима) жұмыс жасау әдістерін қолданды. Акварельмен, акрилмен, майлы бояумен жұмыс жасау шеберліктерін дамытты. Рам Виранжанның сабақ өткізу барысында студенттер жағымды әсер алып, шығармашылық туындылар жазуда қолайлы жағдай жасалды.
Осы аралықта профессор Рам Виранжан 80,75 сағат көлемінде «Сәндік өнер» және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының 1, 2-курс студенттеріне академиялық кескіндемеден аудиториялық сабақтар өткізді. Шеберлік кластары мен оқу семинарында қатысушылар мен тыңдаушылар саны 80-ге жуық (кафедра оқытушылары, студенттер, жоо-ның оқытушылары, қалалық мектептер мен колледждер мұғалімдері) болды.