Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының тарихы
«Сурет және живопись» кафедрасы (қазіргі «Бейнелеу өнері және дизайн») 1977 жылы Орал педагогикалық институтының «Көркемсурет - графика факультеті» базасында ашылды. Факультетте екі кафедра жұмыс істеді: «Сурет және живопись», «Сызу және еңбекке баулу». Басты мақсаты - педагогикалық және көркемөнер бағытында кәсіби мамандар даярлау болып табылады. Кафедраның материалдық техникалық-базасының қалыптасуына көп еңбек етіп, кадрлар жинақтауға атсалысқан бірден-бір жан, факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеубай Әбілов болды.
Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Н.Х.Хамзин, К.Ф.Ермаков, О.С.Мельникова, К.И.Фокин. Екінші қатарда: солдан оңға қарай И.Ө.Өтегенов студенттер арасында
Алғаш ашылған кафедрада (факультетте) ғылым кандидаттары, доценттер: Т.Ә.Әбілов, Г.М.Могилевский, В.Н.Беляев, А.Б.Абдрахманов, аға оқытушылар К.И.Фокин, В.П.Самохвалов, оқытушылар М.Қ.Ильясов, В.Ф.Крепица, А.И.Ларичкина, Р.С.Камалов, И.Ө.Өтегенов, оқу шебері Н.А.Дробышевтар еңбек етті.
Дәріс жүргізген оқытушылардың дені арнайы шақырумен келген Абай атындағы ҚазПИ-дің түлектері еді. Олар: Ғ.Хабдоллаев, О.С.Пастольник (Мельникова), Г.М.Темірбаева, М.Т.Сабырғалиев, Р.Р.Төлегенова, Г.Е.Тасимова, М.Аманбаев, Д.Бармешқызы, С.І.Алтыбаев, Ж.Н.Жүсіпов, Л.Л.Прищепная. Бұл оқытушылар арнайы пәндерден мамандар даярлап, тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосты. Осы тұста шығармашылықпен айналысып, аталмыш кафедраны ширек ғасырға жуық басқарған Ғалит Хабдоллаевтың есімін ерекше құрметпен атаймыз.
Батыс аймақта алғаш болып ашылған мамандық болғандықтан республикамыздан, атап айтсақ: Ақтөбе, Орал, Гурьев (Атырау), Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Ресейдің Астрахань, Волгоград, Куйбышев (Самара), Саратов облыстарынан студенттер оқыды. Көпшілігі қазіргі уақытта жалпы білім беретін орта мектеп пен кәсіптік-техникалық мектептерде, жоғары оқу орындарында жемісті еңбек етіп келеді.
1980-1990 жылдары көптеген мамандар, мамандықты бітірген факультет түлектері қызмет атқарды, олар: М.Қ.Ильясов, Т.С.Ізтілеуов, Е.С.Қасымов, В.Н.Дробышев, Н.К.Брикс, Е.Л.Лұқпанов, С.Б.Нұрғалиева, О.А.Булов, С.Х.Құлбеков, А.Ғ.Сейтімов, Б.М.Моменов, С.Ө. Исағалиев, М.Т. Жұмағалиев, Т.В.Мартикова, Қ.О.Оразғалиев, Р.С.Оразғалиева, Н.М.Гомонова, Р.В.Алексеева, М.С.Жұбаева, Қ.К.Мұратов, Қ.А.Байдалиев, Қ.Н.Мәдіров, Е.Қ.Өтешев, А.Тастілеуов, Н.С.Қалиев.
Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай кафедра оқытушылары Қ.Қ.Мұратов, С.Х.Құлбеков, Ғ.Х.Хабдоллаев, Е.Л.Лұқпанов, Г.М.Темірбаева студенттер арасында. Наурыз мейрамы
90-шы жылдар ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Абай атындағы АлМУ-дың түлектері Н.С.Тілеуханов, Л.Третьякова, Т.Марченко, С.Қожасова кафедраның жас оқытушыларының қатарына қосылды.
1991-2000 жылдары кафедра құрамын Қ.Т.Досалиев, И. Қадыров, З.С.Бақтығұлов, И.Б.Мұқашева, Т.Ә.Хамзин, Б.А.Молдашева, С.Е.Кенжеғалиев, Т.С.Жаньярова, Н.А.Жүсіпқали, Ж.С.Қайнбаева, С.Хахаева толықтырды.
«Көркемсурет-графика» факультетінің құрамында ашылған кафедра даму көрсеткіші мен жаңа мамандықтар қосылуына байланысты атауын бірнеше рет өзгертті. Факультет деканы болып әр жылдарда: Т.Ә.Әбілов, И.Ө.Өтегенов, Б.М.Моменов, А.Ғ.Сейтімов сынды ғалым-педагогтар абыройлы еңбек етті.
Бірінші қатарда: солдан оңға қарай факультет деканы, п.ғ.к., доцент Т.А.Абилов, оқу шебері Н.А.Дробышев, т.ғ.к. Г.М.Могилевский, кафедра меңгерушісі Г.Х.Хабдоллаев, оқытушылар Л.Л.Прищепная, О.С.Мельникова, Екінші қатарда: оқытушылар С.Исағалиев, И.Ө.Өтегенов
2000 жылы облыстағы маңдайалды үш жоғары оқу орны біріктірілді. Аграрлық-техникалық университет, Дәулеткерей атындағы өнер институты қосылып ірілендірілуге байланысты Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрылымында үш кафедра жұмыс жасады, олар «Бейнелеу өнері», «Еңбек технологиясы және кәсіптік білім», «Сәндік өнер және дизайн» (кафедра меңгерушілері А.Ғ.Сейтімов, И.Ө.Өтегенов және С.Ө.Төлегенова). Кафедра құрамы өнер институтынан келген Т.Р.Сарманбеков, Б.Ұ.Нұрашев, С.Ө.Төлегенова, Н.Ж.Бисақаева, Б.Ғ.Дәулетова, О.И.Ворожейкина, кейінірек Ю.В.Пак, Т.С.Сенғалиева, А.С.Бақытова, С.М.Мұхамбетқалиева, Н.Н.Хайруллина сынды маман-оқытушылармен толықты.
2000 жылдан бері қарай (әр жылдарда) кафедраға алынған оқытушылар: М.С.Құлбекова, С.В.Жужа, А.Т.Испанова, Г.В.Жулягина, Ғ.Х.Қапақов, С.С.Ғұсманов, Н.А.Хабадашев, Н.Е.Әміржанов, Ж.С.Кенжина, М.Т.Отаров, А.Б.Әбдешев, А.С.Бекқалиева, Ф.С.Жапақова.
Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай кафедра меңгерушісінің орынбасары, БҚМУ доценті Т.Ә.Хамзин, кафедра меңгерушісі филос.ғ.к., доцент А.Ғ.Сейтімов, п.ғ.к., О.И.Ворожейкина, БҚМУ доценті, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қ.Н.Мәдір, аға оқытушы А.Қ.Базарбаева, оқытушылар А.С.Бахитова, А.С.Бекқалиева, Э.Е.Файзуллина. Екінші қатарда: солдан оңға қарай зертханашы М.Ғ.Бекмачева, А.С.Алманова, оқытушылар А.Ж.Дүйсенбаев, Ж.С.Кенжина, Б.А.Молдашева, п.ғ.к. Ж.С.Кайнбаева, аға зертханашы Г.Г.Мажитова, оқытушы И.Б.Мукашева, филос.ғ.к. Н.С.Тілеуханов, оқытушылар Қ.Қ.Жумагалиева, А.Муканова, Ш.С.Искалиева, М.Т.Отаров, А.Б.Абдешев
2008 жылы жоғарыда аталған үш кафедра бір кафедраға біріктіріліп, «Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім» аталды, кейінгі жылдары «Бейнелеу өнері және дизайн» атауын иеленді. Кафедра меңгерушісі болып әр кезеңде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ғ.Сейтімов, техника ғылымдарының кандидаты, доцент И.Ө.Өтегенов, аға оқытушы Т.Ә.Хамзин еңбек етті.
2013 жылдан кафедраға педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.С.Қайнбаева басшылық жасайды.
Кафедра педагог-суретшілерді даярлау ісінде бай дәстүрге ие. Профессор-оқытушылар құрамының шығармашылық жұмыстарын еліміздің және шетелдердің галереяларынан, мұражай мен жеке қорлардан көруге болады.
Қазіргі уақытта кафедрада қызмет ететін тәжірибелі де білікті педагог-мамандар, сонымен қатар жас оқытушылар құрамында: тех.ғ.к. И.Ө.Өтегенов, филос.ғ.к. Н.С.Тілеуханов, п.ғ.к. О.И.Ворожейкина, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Т.Р.Сарманбеков, ҚР Суретшілер және Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қ.Н.Мәдіров, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, магистр А.Б.Әбдешев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі М.Т.Отаров, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, магистр Н.А.Хабадашев, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, магистр А.Ж.Дүйсенбаев, магистрлар: Э.Е.Файзуллина, А.Т.Испанова, А.С.Бекқалиева, аға оқытушылар: Т.Ә.Хамзин, Б.А.Молдашева, Н.Ж.Бисақаева, Ғ.Х.Қапақов, Б.Ғ.Давлетова, оқытушылар: А.Қ.Базарбаева, С.Ө.Төлегенова, Ш.Е.Катчекова, А.С.Бахитова, И.Б.Мұқашева, Г.В.Жулягина, Ә.Ғ.Есенғалиева, Ю.В.Пак. Оқытушылар құрамымен қатар оқу шеберлері С.Е.Кенжеғалиев, А.С.Лұқпанова, аға зертханашы Г.Г.Мәжитова, нұсқалар қоры зертханашысы Р.Е.Әмірхановалар еңбек етеді.
Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай аға оқытушылар Б.А Молдашева., Г.Х.Қапақов, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Ж.С.Кайнбаева, п.ғ.к. О.И.Ворожейкина, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қ.Н.Мәдір, оқытушы А.С.Бахитова. Екінші қатарда: солдан оңға қарай оқытушылар Н.А.Хабадашев, М.Т.Отаров, И.Б.Мукашев., Г.В.Жулягина, А.Қ.Базарбаева, филос.ғ.к. Н.С.Тілеуханов, Н.Ж.Бисакаева, Ш.Е.Катчекова, Э.Е.Файзуллина, Ә.Қ.Есенғалиева, С.Ө.Төлегенова, А.Ж.Дүйсенбаев.
2009 жылы «Дизайн» мамандығы бойынша кафедрада магистратура ашылды (бүгінге дейін 15 магистр диссертация қорғаған). Соның нәтижесінде кафедра ғылым кандидаттары, магистрлармен толығып келеді. 2009 жылы оқытушы Н.С.Тілеуханов Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да кандидаттық диссертациясын, 2013-2015 жылдары жас оқытушылар: А.Ж.Дүйсенбаев, Э.Е.Файзуллина, Ш.С.Исқалиева, А.Б.Әбдешев, Н.А.Хабадашев А.С.Бекқалиева магистрлік диссертацияларын қорғады.
Қазіргі таңда «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы үш мамандық бойынша кадрлар даярлайды: 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В041700 «Сәндік өнер», 5В042100 «Дизайн». Бұл мамандықтарды тәмамдаған түлектер елімізде, жақын шетелдерде қай салада болмасын абыройлы еңбек етіп, қоғамның гүлденуіне атсалысып келеді.
Сапалы білім беру үшін кафедрада мамандандырылған шеберханалар, заманауи құралдармен жабдықталған компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Сонымен қатар машықтық сабақтарға пайдаланатын нұсқалар қоры жыл сайын жаңартылып отырады.
Кафедра оқытушылары білімдерін университетте, республикалық білім көтеру орталықтарында ұдайы жетілдіріп, алыс және жақын шетелдерде тағылымдамадан өтіп, оқу үдерісінде дәстүрлі, сондай-ақ жаңа білім беру технологияларын қолданады.
Оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін көтеру мақсатында республиканың басты оқу орындарынан, сондай-ақ жақын шетелдерден профессор-оқытушылар келіп дәріс, шеберлік дәрістерін жүргізді. Олар: Краснодар мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры, п.ғ.д. А.А.Горбачев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доцентері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, п.ғ.к. Г.К.Қабижанова және Ж.Н.Шайгөзова. 2016 жылы кафедраға алыс шетелден Курукшетра (Үндістан) университетінен бейнелеу өнері департаментінің төрағасы, өнер философиясының PhD докторы Рам Виранжан шақырылды.
Кафедрада сала бойынша мамандар даярлаумен қатар, қосымша оқу бағдарламалары жүзеге асырылады. 2016 жылдан студенттерге және бітіруші түлектерге арнап «Еңбек технологиясынан» арнайы курс оқытылады, бұл мектепке қосымша педагогикалық бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық бойынша студенттерді оқыту жүйесі кафедрада жақсы жолға қойылған. Соңғы жылдардың өзінде ҚазБСҚА, Абай атындағы ҚазҰПУ, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сында мамандық студенттері тәжірибе алмасып, оқып келді. «Дизайн» мамандығының 3 курс студенті Назерке Карина 2016 жылдан Германияның Майнс қаласындағы университетте білімін жалғастыруда.
Кафедрада мамандар даярлау ісін жетілдіруге, оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік көрнекіліктер шығару жақсы жолға қойылған. Соңғы жылдардың өзінде 25-ке тарта оқу-әдістемелік құралдар мен электронды оқулықтар жарық көрді. 2012 жылы филос.ғ.к. Н.С.Тілеухановтың «Көркем өнер мәдениетінің тілдік ерекшеліктері» атты монографиясы шығып, бүгінде оқу үдерісінде пайдаланылып келеді.
2009 жылдан бастап кафедрада Дизайн мамандығы бойынша магистратура ашылып, 15 магистрант диссертациясын сәтті қорғап шықты. Олардың арасында кафедра оқытушылары А.Ж.Дюсенбаев, Ш.С.Искалиева, Н.А.Хабадашев, А.Б.Абдешев те бар.
Кафедрада алыс, жақын шетелдер жоғары оқу орындарымен, атап айтсақ, Курукшетра университетімен (Үндістан) және Ресей университеттерімен тығыз байланыс орнаған.
Ресей университеттері арасында халықаралық байланыс орнаған. Оның айғағы ретінде п.ғ.к. О.И.Ворожейкинаның Ресейдің үш жоғары оқу орнында 2016 жылы өткізген дәрістерін, шеберлік кластарын айтуымызға болады (Кубань әлеуметтік-экономикалық институты, Краснодар мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Әлеуметтік-ақпараттық технологиялар және маркетинг академиясы).
2017 жылы ақпанның 19 мен 24 арасында кафедра меңгерушісі Ж.С.Кайнбаева, аға оқытушылар М.Т.Отаров, Э.Е.Файзуллина Курукшетра (Үндістан) университеті бейнелеу өнері департаментінің шақыртуымен қызметтік іссапарға барып, халықаралық қарым-қатынас шеңберінде кафедра оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, көркем роспись және майлы бояу кескіндемесінен шеберлік кластары сериясын өткізіп қайтты.
Курукшетра (Үндістан) университетінің бейнелеу өнері департаментінің төрағасы, өнер философиясының PhD докторы Рам Виранжан студенттер арасында
Студенттер әр жылдарда көптеген ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, шығармашылық жұмыстармен түрлі байқауларға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленді, дипломдармен марапатталды. Оларды жоғары деңгейде дайындауда кафедрадағы оқытушы-мамандарының еңбегі зор.
Кафедрада екі студенттік үйірме жұмыс жасайды, олар: «Fashion Exclusive», «Керамика» (жетекшілері Э.Е.Файзуллина, Н.А.Хабадашев) Үйірмеге қатысатын студенттер өздерінің шығармашылық жұмыстарын қалалық мәдениет мекемелерінің ұйымдастыруымен өтетін түрлі іс-шараларда көрсетіп жүр.
Кафедраның басты бағыттарының бірі оқытушылар мен студенттердің шығармашылық жұмыстары болып табылады. Оқытушылар жыл сайын қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық көрмелерге, байқауларға, фестивальдерге белсенді қатысып, өздерінің жеке көрмелерін ұйымдастырады. Олардың туындыларын еліміз бен шетел картина галереяларынан, жеке коллекцияларынан көруге болады.
Кафедраның аға оқытушылары: ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Т.Р.Сарманбеков көп жылдар бойы шығармашылықпен айналысып, талантты шәкірттер дайындап, оларды кәсіби шеберлер қатарына қосты. Ел өнеріне сіңірген көп жылғы еңбегі үшін «Құрмет» төсбелгісімен марапатталды (2014 ж.); Қ.Н. Мәдіров - қоғамның дамуы мен гүлденуіне, ел өнері мен мәдениетінің дамуына атсалысып, жастарға патриоттық тәрбие беріп, ұлт арасындағы достықты нығайтуға сіңірген еңбектері үшін – «Құрмет грамотасы» (министр Ж.Түймебаев, 2009 ж.), «Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына-20 жыл» (2015 ж.) мемлекеттік мерейтойлық медалдарымен және «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен (2015 ж.) наградталды. Елдегі халықтар арасындағы достықты нығайтуға сіңірген қоғамдық еңбегі үшін профессор О.И.Ворожейкина «Қазақстан халқы Ассамблеясына-20 жыл» (2015 ж.) мемлекеттік мерейтойлық медалін өңіріне тақты.
Дәстүрге айналған облыстық, аймақтық «Жас дарын», «Дельфий ойындары» байқауларында «Бейнелеу өнері», «Сәндік өнер», «Дизайн» аталымдары бойынша кафедраның белді оқытушылары қазылық етеді. Кафедра алғаш рет 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған аймақтық байқау ұйымдастырып, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал қалаларының дарынды жастарын қабылдады. Студенттер аталмыш байқауда лауреат, дипломант атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталып жүр.
2015 жылы республикадағы ЖОО-ның ішінде жүргізілген рейтинг бойынша «Бейнелеу өнері және сызу», «Сәндік өнер» мамандықтары көшбасшы ондықтың ішінен табылып отыр.
«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың бай тәжірибесі бар кафедраларының қатарынан саналады. Үлкен шығармашылық әлеуеті бар кафедра өзінің 40 жылдық тарихында сан мыңдаған жоғары білімді, шығармашыл мамандар даярлады, олар өз кезегінде қоғамның дамуына белсенді атсалысуда.
Хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасы
Хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасының меңгерушісі
Айткалиева Карлыгаш Даиргалиевна
№4 оқу ғимараты
Нұрсұлтан Назарбаева даңғылы, 137
Телефон: 8(7112) 512739
E-mail: aitkalieva_kd@mail.ru
Кафедра М.Өтемісов атындағы БҚУ мәдениет және өнер факультетінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады және 6В02105 - Хореография, 6В02104 - Режиссура, 6В11102 - Мәдени-тынығу жұмысы, 6В03201 - Кітапхана ісі, 7М11102 - Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады.
Кафедра қызметінің мақсаттары:
- білім берудің жоғары сапасын және кафедраның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылым, білім және өндіріс интеграциясы негізінде кафедра ББ бойынша білім беру саласында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, концерттік-шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыру;
- еңбек нарығының өзгермелі жағдайларын бағдарлай алатын, бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Кафедра қызметінің міндеттері:
- кафедраның білім беру бағдарламаларын орындау барысында жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің сұраныстарына сәйкес оқытудың озық технологиялары мен заманауи білім беру инфрақұрылымын пайдалану;
- кафедра ББ ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруді ақпараттандыру және оқытудың жаңа ақпараттық ресурстары мен технологияларын енгізу саласында университеттің инновациялық саясатын жүргізуді қолдау;
- мамандардың кәсіби деңгейін үнемі арттыру, кафедра ББ бойынша өзекті ғылыми зерттеулер жүргізу, әр маманның шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы кафедра ПОҚ жетілдіру. Білім беру үрдісіне қатысу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші мамандарын, Қазақстан Республикасының және әлемнің басқа елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлерін тарту.
Кафедрада ББ динамикалық және тиімді дамуының түрлі жолдары мен әдістері қарастырылды:
- Еңбек нарығының қажеттіліктерін және білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін мониторингілеу;
- Арнайы пәндер оқытушыларынан және өңірдің жетекші мәдениет қызметкерлерінен шығармашылық топтар құру;
- ББ жетілдіру бойынша жұмыс берушілермен бірлескен қызмет (жұмыс берушілер кеңесінің жұмысы, тұрақты сауалнама жүргізу, ұсыныстар алу, дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар және т.б.);
- Білім алушылардың өндірістік сарамннан өтуі және одан әрі жұмысқа орналасуы үшін жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті дамыту;
- Оқытушылардың біліктілігін арттыру, оқытушылармен алмасу бағдарламалары, сырттан мамандарды тарту және т.б.
- Оқу кабинеттерін жаңғырту;
- Республикалық, Халықаралық кәсіби шеберлік байқауларына қатысу;
- Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және басып шығару.
«Музыкалық білім және вокал» кафедрасы
![]() |
Жетекші:
Кафедра меңгерушісі – Бабенко Ольга Александровна
пр.Н. Назарбаев, 137, 300 кабинет
Телефон: 8 (7112) 513729
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Музыкалық білім және вокал кафедрасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бөлім басшысы өз қызметін кафедра меңгерушісінің лауазымдық нұсқаулықтары негізінде жүзеге асырады. Кафедра меңгерушісі лауазымы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына жатады және сайланбалы болып табылады.
Мақсаты: білім алушылардың білімін дамытудағы іс-әрекетін ұйымдастыру, олардың кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру және дамыту, олардың білім берудің нормативтік белгіленген нәтижелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуы үшін педагогикалық жағдайлар жасау, білім беруді тереңдету және кеңейту қажеттіліктерін қанағаттандыру; білім беру бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету.
Тапсырмалар:
- Университет Жарғысының, Бөлім туралы Ереженің нақты орындалуын қамтамасыз ету; бөлім туралы ережеге сәйкес бөлімнің функцияларын жүзеге асыруды және қойылған міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету; қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметін басқару және басқару;
- Кафедраның мамандарды даярлау бағыттары бойынша қызметін дамыту стратегиясын әзірлеу және білім беру-ғылыми даму, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және кадрлық резервін құру мәселелерін қоса отырып кафедраның дамытудың перспективалық жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
- жұмыс берушілермен және білім беру органдарымен сыртқы байланыстарды нығайту және дамыту;
- кафедрада мамандарды даярлау бағыттары бойынша білім беру қызметтері нарығына және еңбек нарығына талдау жасау;
- кафедрадағы оқу үдерісін, жоғары білікті мамандар даярлауды, қазіргі ғылым талаптарын ескере отырып, мамандарды дайындау сапасын ұдайы арттыруды ұйымдастыру;
- білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау туралы Ережені, университеттегі оқу процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да актілерді бөлім қызметкерлерінің нақты орындауын ұйымдастыру;
- кафедрада мамандарды даярлаудың сапа жүйесін әзірлеу;
- оқу процесінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық әдістер мен оқу құралдарын анықтау;
- кафедраның, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының халықаралық қызметіне қатысу, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдармен, кәсіпорындармен және мекемелермен кафедра бейіні бойынша халықаралық ынтымақтастық орнату және қолдау;
- Университет жүзеге асыратын білім берудің барлық нысандары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізуді ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау;
- кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, медициналық (клиникалық кафедралар үшін), тәрбие жұмыстарын қамтитын жылдық жұмыс жоспарларын дайындауды және орындауды ұйымдастыру; оқу жылының қорытындылары бойынша оқу, ғылыми, медициналық және тәрбие жұмысы бойынша есептерді дайындай отырып, кафедра қызметінің барлық түрлерінің нәтижелерін талдауға;
- кафедра қызметкерлерінің семинарларға, конференцияларға, симпозиумдарға және басқа да іс-шараларға кафедраның қызметі бойынша қатысу нәтижелері бойынша бөлімнің, оның қызметкерлерінің жаңа әдістерін, әдістері мен әдістерін, қызметін талқылауды және тәжірибеге енгізуді қамтамасыз ету.
Дәстүрлі-музыкалық және орындаушылық өнер кафедрасы
Кафедраның миссиясы: Кафедраның миссиясы - оқу үрдісіндегі кәсіби музыкалық деректермен және олардың білімін, дағдыларын, оқу барысында тәжірибесін, кәсіби музыкалық қызметті әрі қарай дамытуға және Қазақстан Республикасына қажетті қабілетті мамандарды дайындауға жағдай жасау.
Кафедраның мақсаты: «Аспапта орындаушылық» және «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандықтары бойынша «Бакалавриат» академиялық дәрежесі бар мамандарды даярлауға бағытталған жоғары кәсіби білім берудің бағдарламаларына сәйкес концерттік орындаушылар мен оқытушыларды даярлау. Кафедраның мақсаты қаланың, облыстың және Қазақстан Республикасының музыкалық оқу орындарында арнайы музыкалық пәндерді оқытудың, ғылыми студенттік жұмысты, біліктілікті жоғарылату жұмыстарын дайындаудың, педагогикалық практиканың сапалы деңгейін қалыптастыратын жоғары білікті оқытушылар ұжымымен жүзеге асырылады.
Кафедра тарихы: "Дәстүрлі музыка өнері" кафедрасы 2015 жылы ашылған. Қазіргі уақытта кафедрада 5В040400 - «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы, «Халық әндері» және «Халық аспаптары» мамандандыруы бойынша және 5В040200 «Аспапта орындау» мамандығынан бакалаврларды дайындау жүзеге асырылады.
Кафедраны2015-2017 жылдары - педагогика ғылымдарыныңдокторы, профессор М. Е. Ержановбасқарды.Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі аға оқытушы Кусайнов А.А.
"Дәстүрлі музыкалық өнері" кафедрасында музыкалық орындаушылық өнер мен музыка ғылымы саласындағы белгілі мамандар қызмет атқарады: педагогика ғылымдарының докторы, профессор М. Е. Ержанов; доцент, өнертану кандидаты Ергалиева А. Т.; доцент, Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты, Қазақстан Республикасының "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Е. Ш. Нұрымбетов; доцент, ҚР Композиторлар одағының мүшесі М. М. Попов, аға оқытушылар Л. Ж. Каженова, С. Ж. Табылдиева, В. Н. Лягавина, Әлімбаева Г. Б., оқытушы Шукеев А. Л., оқытушы магистр Мухамбетжанова А. А.
Кафедраның зор шығармашылық және ғылыми-зерттеу әлеуеті кафедра оқытушылары мен студентерінің Республикалық және Халықаралық конкурстарға, республиканың концерттік өміріне (сонымен қатар үкіметтік концерттерге), шетелдерге гастрөлдік сапарларға, жеке концерттерге, теледидар бағдарламаларына, монографиялар мен мақалалар жинақтарын, оқу құралдары және бағдарламаларды басып шығаруға, Республикалық және Халықаралық конференцияларға белсенді қатысуы, отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялауы арқылы ашылады. Кафедра оқытушылары үнемі әр түрлі конкурстар мен фестивальдердің қазылар алқасы құрамында жұмыс істейді, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша мастер-класстар өткізіп тұрады.
Дәстүрлі музыка өнері саласындағы білім беру үрдісінің тиімділігін және сапасын арттыру негізінде мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру, Республиканың, сондай-ақ шетелдің алдыңғы қатарлы білім беру және мәдени ұйымдарымен өзара интеграциялық іс-әрекетін күшейту, музыкалық өнер саласында мамандар даярлауда кафедраның негізгі мақсаты мен міндеттері болып табылады.