«Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер» кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
2018-2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылының тәрбие жұмысы іс-шаралардың жылдық жоспары және кафедра кураторлардың жоспарлары бойынша ұйымдастырылды.
Тәрбие жұмысының мақсаты – қазіргі қоғамның қажеттіліктері мен үміт етуіне жауап беретін белсенді азаматтық позицияға ие студенттерге кәсіби құзіреттіліктің қалыптасуына себеп болатын аса өнегелі тәрбиелеу ортасын құру болды.Сонымен қатар келесі тапсырмалар шешілді: жастарда патриоттық, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, өнегелі және рухани дамуы, шығармашылыққа, өнерге құштарлығын арттыру.
Тәрбие жұмысы келесі негізгі принциптарды басшылыққа ала отырып құрылды:
- ғылымилық, жүйелілік, тәрбие жұмысының сабақтастығы және үздіксіздігі;
- студент жастардың құқықтары сақталуы, жастар мәселесін шешудегі демократизм;
- оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығы, оқудың өмірмен және қоғамды дамыту қажеттіліктерімен байланысы;
- ұлтына, әлеуметтік жағдайы мен жасына қарамастан барлық студент жастарды жалпылай қамту;
- тәрбие жұмысының жеке, топтық формаларының үндесуі;
- оқу үрдісі мен жалпы ұжымда тиімді жұмыс пен тұрақтылыққа ықпалдасатын қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты тудыру;
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:
1.Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие
2.Ғылыми-ізденіс және әдістемелік қамсыздандыру, студенттердің ғылыми-ізденіс жұмысы
3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру
4.Құқықтық тәрбие
5.Жастарды қолдау
6.Ақпараттық насихаттау жұмыстары
7.Рухани тәрбие, студенттер мен ПОҚ арасындағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім
Кафедраның жылдық тәрбие жұмысы жоспары бойынша келесі тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды:
І.Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие
- 1 қыркүйек Білім күніне орай университет тарапынан ұйымдастырылған мерекелік шараға кафедра студенттерімен оқытушылар құрамы толық қатысты. Мерекелік шараның соңынан тәрбие жетекшілері топтарының студенттеріне оқу жылындағы жаңа өзгерістер туралы әңгіме өткізді. 1 курс студенттері үшін университет өмірімен таныстыру, оқу жүйесі туралы мәлімет беру жұмыстары ұйымдастырылып,өткізілді.
- Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына байланысты кафедра студенттері, күйші-композитордың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында «Нағыз қазақ домбыра» атты 1500 домбырашылардан құрылған шеруге қатысты. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.Студент жастардың бойында бар өнерлері одан сайын дамытып, ұйымдастырушылық қырларын, өнерге құштарлықтарын арттыру үшін өткізілген шаралардың бірі болды.
- Кафедра студенттері ұстаздар күніне ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты. Факультеттің профессор - оқытушылар құрамын мерекелерімен құттықтап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.Мерекелік шара халықаралық ұстаздар күніне орай ұйымдастырылды. Мереке студенттердің ән шашуымен ұсынылып, профессор-оқытушылар құрамына алғыстарын білдіріп гүл шоғын табыстады.
- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан, 2018 ж. Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, студенттер «Жастар жылына» арналған мемлекеттік бағдарламалармен танысты. Осыған орай 2018 жылы қазан айының 25 күні «Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен, жастарға ұлттық мәдениетімізді бойына сіңіріп, соның ішінде ұлттық музыка арқылы жастардың рухын көтеру мақсатында Dombyra party «2019 – Жалынды Жастар жылы!» атты домбыращылар акциясы өтті.
Студенттерді патриоттық сезімдерін ояту, шығармашылық өнерлерін дамыту мақсатымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Домбыра partu» шарасының концерттік бағдарламасында әйгілі Даулеткерей,Құрманғазы күйлері ойналды.
- Ұлттық валюта – теңге күніне 25 жыл толу қарсаңына кураторлық сағат ұйымдастырылды. Шара ҚР «Рухани жанғыру» бағдарламасының аясында өтті.Студенттерді ұлттық валюта тарихымен таныстыру, патриоттық сезімдерін ояту мақсатымен өтті. Ұлттық валютаның шығу тарихы туралы доклад оқылды, студенттерге шараның тақырыбы бойынша сұрақтар қойылды.
- 2018 жылдың 29-30 қараша күндері аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында XIV аймақтық «Жас дарын» байқау өтті. «Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Халық аспаптары-домбыра, қобыз», «Халық әні», «Фортепиано», «Баян» «Аккордеон» номинациялары бойынша Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан коптеген қатысушылар өз өнерін көрсетіп, байқауға қатысты.
- Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараларға кафедра студент жастары белсене қатысты. Бұл шаралар қазақ ұлт аспаптар оркестрі және жеке орындаушы студенттер қатысуымен өтті.
- 2018 жылдың 20 желтоқсан күні «Мәдениет және өнер» факультетінің «Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер» кафедрасының өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т.Ергалиеваны 55-жасқа толу мерейтойына арналған «Қобыздың құдіреті» шарасы «Рухани жаңғырудың» жалғасы: Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жариялану аясында өтті. Салтанатты рәсімнен кейін А.Т.Ергалиеваның сынып концерті ұсынылды.Концерт бағдарламасында қобызшылар ансамблінің орындауында Д.Шостаковичтің «Вальс», С.Абдинуровтың «Байтерек» шығармалары; Ж.Рахимованың орындауында Ақан серінің «Манмангер» шығармасы әндетілді және қазақ, шетел композиторларының көптеген әйгілі туындылары орындалды.
- «Науырыз» мейрамына арналған концерттік шараларға кафедра студенттерінің қазақ ұлт оркестрі мерекелік бағдарламамен белсене қатысты, бұл шаралар халақтық патриоттық тәрбие беру мақсатымен өтті.
- Отан қорғаушылар күніне арналған кураторлық сағат өтті, студенттер топтарына Екінші дүниежүзілік соғыс туралы слайд көрсетіліп, женіс ардагерлері жөнінде әнгіме жүргізілді.
- 16-19 наурыз күндері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ермұрат Үсеновпен кездесу және шебер классы өтті.
- 18 наурыз күні Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның профессоры Сахарбаева К.С. мен кездесу өтті.
- Женіс күні мерекесіне арналған бір неше концерттік шаралар өтті. Кафедра студенттері бұл шараларда Қазақстан композиторлардың көптеген женіске арналған шығармаларын орындады.
ІІ. Тәрбие жұмысын ақпараттық-аналитикалық және әдістемелік қамтамасыз ету,
студенттердің ғылыми жұмыстарға қатысу деңгейін арттыру
(оның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми олимпиадалар және т.б. өткізу)
- Кафедра студенттері көптеген пәндік олимпиадаларға дайындалып, қатысты.. Өз шығармашылық деңгейлерін дамыту, өнерге құштарлықтарын арттыру мақсатымен, студенттер «Жаңа толқын-2018», «Дала дарындары», «Жайық Star-2018», «Крылья»(Самара ) конкурстарына қатысты. Халықаралық , Республикалық олимпиадаларға және конкустарға студенттердің қатысуы олардың орындаушылық талғампаздықтығын әрі қарай дамытты.
- Студенттердің мақалалары журналдарда , ғылыми жинақтарда жарияланды. Студенттердің ғылыми қырлары ашылып, ғылыми ізденіске құштарлықтарлықтарын арттырылды.
ІІІ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
(әлеуметтік қызметтер, конкурстар мен спорттық жарыстар, бос уақытын тиімді өткізу).
- Салауатты өмір салтын насихаттау нәтижесінде студенттерді мерекелік концерттерге қатыстырып, сахнаға шығу мәдениетін тәрбиелеу жұмысы атқарылып жатыр.
ІV. Студенттердің әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету
(оның ішінде білімге, денсаулығын сақтауға қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар).
- «Қоғамдық және оқу орындарындағы әдептілік» тақырыбына кураторлық сағат өтті.Студенттерді өз халқының салт-дәстүріне үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, оқу орнында,мәдениет үйымдарында және көшеде әдептілік ережелерінің ерекшеліктері түсіндірілді. Студенттерді адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке тәрбиелеу мақсатымен өтті.
- Кафедра студенттері туралы мәліметтер базасын құрылды. Барлық топтардың студенттері туралы мәлімет жиналып, студенттерге қолдау көрсету мүмкіндер қарастырылды.
V. Жас таланттарды дамыту және қолдау
(конкурстар, сыйлықтар, фестивальдер, көрмелер)
- Кафедраны студенттері республикалық және РФ өтетін (Самара, Орынбор, Нижний Новгород,Казань) халықаралық конкурстарға дайындалып, қатысып, Самара қаласында өткен «Крылья», «Урал собирает друзей» конкурстарында
жүлделі орындарға ие болды. Студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдау нәти - жесімен, жас таланттарды дайындау жұмысы жалғастырылады.
VІ. Жас мамандарды оқу кезінде тағылымдамадан өткізуді және
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
(«Жасыл ел» және студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабымен бірлескен жұмыс)
- Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда жұмысқа орналасу
Мақсатымен, студенттердің кәсіби сараман жұмысы ұйымдастырылды.
Сараман күнделігі, жеке жоспар, кәсіби сараманның есебі, портфолио
жинақтау жұмысы атқарылды. Студент жастарды жауапкершілікке
тәрбиелеп, ұйымдастырушылық іс-әрекеттерін жандандырып,сарамандық
қужаттармен жұмыстануға үйренді.
- Облыстағы балалар музыка мектептерімен байланыс орнатылды , педагогикалық
практиканың өтуін қамтамасыз етілді.
VІІ. Оқытушылар құрамы мен студенттер арасында ұлтаралық және
конфессияаралық келісімді сақтау және рухани тәрбие беру жөнінде
іс-шаралар өткізу
- Кафедра оқытушыларын құрметтеу мақсатымен мерейгерлерді А.А.Кусайновты және А.А.Ергалиеваны салтанатты түрде құттықтау рәсімдері өтті.
- Кафедраның ұйымдастырушылық кураторлық жұмысын жандандыру үшін кураторлық топ жиналыстары өткізіліп тұрады. Студенттердің үлгерім сапасын, рейтингтерін бақылау, емтихандық қорытындысын талқылап және студенттерге қажетті ақпаратпен таңыстырылып өтіледі.
- Халықтар бірлігі күні мерекесіне арналған қалалық салтанатты шараларға студенттер белсене қатысты, ҚР көптеген халықтарының тарихымен, әдет-ғұрып ерекшеліктерімен танысты.
Құрастырған:
«Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық
өнер» кафедрасының аға кураторы: С.Ж.Табылдиева
Келісілген:
«Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық
өнер» кафедрасының меңгерушісі: А.А.Құсайынов
Келісілген:
«Мәдениет және өнер» факультетінің деканы: Қ.Р.Кажимова