Музыкалық білім мамандығының 3 курс студенттері Рамазанова Актилек және Хусаинов Жасулан академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Кәсіби –шығармашылық факультеті, 5В010600 Музыкалық білім мамандығында 1 семестр оқу тәжірибе алмасып келді.
Оқу орнында, студенттер бағалау өлшемдік технологиясы, Гармония, қазақ фольклорлық ансамбль, кәсіби орыс тілі, музыка пәнін оқыту әдістемесі, негізгі музыкалық аспап, хор класы және хормен жұмыс жасау пәндері бойынша сабақ алып, білімдерін жетілдірді.
Райымбергенов Абдрашид Ыскакович, Қартбаева Жайнагуль Жаншаевна, хор пәнінен Құспанов Мербол сынды ұстаздардан дәріс алды. Студенттерге жаңаша бағытпен берілген оқу үрдісі ұнап, нәтижесінде жақсы, өте жақсы деген бағамен тамамдап қаңтар айында өз оқу орнымызға зор жетістікпен, қуанышпен оралды.