21.10.-02.11.19 аралығында Ресей федерациясы Самара Мемлекеттік Мәдениет институтының Вокалдық өнер кафедрасының меңгерушісі Ресей халық әртісі Ильвес Надежда Эдуардовна «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша студенттерге дәріс жүргізді. Вокал пәнінен өз тәжірибесімен бөлісіп, жеке студенттердің ән айту дағдысын жетілдіріп, дауыс көлемін ұлғайтатын жаттығулар жасатып жұмыстанды. Әр студентпен жеке сабақ жүргізді. Студенттердің жеке вокалдық бағдарламаларымен жұмыстанып, шығарманың қиын және көркем тұстарын үйретті. Әр сабағы өте қызықты , студенттер аса қызығушылықпен қатысты.Сонымен қатар кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп ғылыми бағытта өз ойымен бөлісті.