• +77112512739
  • zapkazu@wku.edu.kz
  • Қазақша
  • Русский
  • English
Факультет культуры и искусств ЗКГУ им. М. Утемисова

Мәдениет және өнер факультеті

  • Факультет
    • Факультет туралы
    • Академиялық ұтқырлық
    • Студенттік өмір
    • БББ
      • Музыка мұғалімдерін және орындаушылық өнер мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары
      • Көркем еңбек және мектептегі дизайн мұғалімдерін, сән және дизайн мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары
      • Режиссура, хореография және мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламалары
    • Ғылыми қызметі
    • Халықаралық ынтымақтастық
  • Жаңалықтар
  • Бейнедәрістер

Мәдениет және өнер факультеті

  • Басып шығару

Факультеттің миссиясы:

Қазақстанның ең ескі ЖОО-ның бірі ретінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аймақтағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени модернизация орталығы болуға мүмкіндік беретін мәдениетаралық диалогтың еуразиялық идеясы мен ұлттық келісім негізінде оның ғылыми, оқу-білімдік және тәрбиелік дәстүрлерін сақтау және көбейту. Алдыңғы қатарлы білім беру технологиясын және қазіргі заманғы білім беру инфрақұрылымын пайдалана отырып, білім берудің, экономиканың, құқықтың, өнердің, мәдениеттің дамуына және гуманитарлық, жаратылыстану, ғылыми-техникалық білімнің жиналуы мен таратылуына позитивті әсер ете алатын тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің сұраныстарына сәйкес жоғары біліктілікті мамандар дайындау.

Мақсаты:

Жоғары сапалы білім мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын ғылым, білім және өндірістік интеграция негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік және мәдени-шығармашылық қызметті жүзеге асыру.

Толығырақ...

Көркем еңбек және мектептегі дизайн мұғалімдерін, сән және дизайн мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары

  • Басып шығару

Мектептегі көркем еңбек және дизайн мұғалімдерін, сән және дизайн мамандарын даярлау білім беру бағдарламалары бөлімінің тарихы

«Сурет және живопись» кафедрасы (қазіргі «Бейнелеу өнері және дизайн») 1977 жылы Орал педагогикалық институтының «Көркемсурет - графика факультеті» базасында ашылды. Факультетте екі кафедра жұмыс істеді: «Сурет және живопись», «Сызу және еңбекке баулу». Басты мақсаты - педагогикалық және көркемөнер бағытында кәсіби мамандар даярлау болып табылады. Кафедраның материалдық техникалық-базасының қалыптасуына көп еңбек етіп, кадрлар жинақтауға атсалысқан бірден-бір жан, факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеубай Әбілов болды.

Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Н.Х.Хамзин, К.Ф.Ермаков, О.С.Мельникова, К.И.Фокин. Екінші қатарда: солдан оңға қарай И.Ө.Өтегенов студенттер арасында

Алғаш ашылған кафедрада (факультетте) ғылым кандидаттары, доценттер: Т.Ә.Әбілов, Г.М.Могилевский, В.Н.Беляев, А.Б.Абдрахманов, аға оқытушылар К.И.Фокин, В.П.Самохвалов, оқытушылар М.Қ.Ильясов, В.Ф.Крепица, А.И.Ларичкина, Р.С.Камалов, И.Ө.Өтегенов, оқу шебері Н.А.Дробышевтар еңбек етті.

Дәріс жүргізген оқытушылардың дені арнайы шақырумен келген Абай атындағы ҚазПИ-дің түлектері еді. Олар: Ғ.Хабдоллаев, О.С.Пастольник (Мельникова), Г.М.Темірбаева, М.Т.Сабырғалиев, Р.Р.Төлегенова, Г.Е.Тасимова, М.Аманбаев, Д.Бармешқызы, С.І.Алтыбаев, Ж.Н.Жүсіпов, Л.Л.Прищепная. Бұл оқытушылар арнайы пәндерден мамандар даярлап, тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосты. Осы тұста шығармашылықпен айналысып, аталмыш кафедраны ширек ғасырға жуық басқарған Ғалит Хабдоллаевтың есімін ерекше құрметпен атаймыз.

Батыс аймақта алғаш болып ашылған мамандық болғандықтан республикамыздан, атап айтсақ: Ақтөбе, Орал, Гурьев (Атырау), Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Ресейдің Астрахань, Волгоград, Куйбышев (Самара), Саратов облыстарынан студенттер оқыды. Көпшілігі қазіргі уақытта жалпы білім беретін орта мектеп пен кәсіптік-техникалық мектептерде, жоғары оқу орындарында жемісті еңбек етіп келеді.

1980-1990 жылдары көптеген мамандар, мамандықты бітірген факультет түлектері қызмет атқарды, олар: М.Қ.Ильясов, Т.С.Ізтілеуов, Е.С.Қасымов, В.Н.Дробышев, Н.К.Брикс, Е.Л.Лұқпанов, С.Б.Нұрғалиева, О.А.Булов, С.Х.Құлбеков, А.Ғ.Сейтімов, Б.М.Моменов, С.Ө. Исағалиев, М.Т. Жұмағалиев, Т.В.Мартикова, Қ.О.Оразғалиев, Р.С.Оразғалиева, Н.М.Гомонова, Р.В.Алексеева, М.С.Жұбаева, Қ.К.Мұратов, Қ.А.Байдалиев, Қ.Н.Мәдіров, Е.Қ.Өтешев, А.Тастілеуов, Н.С.Қалиев.

 

Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай кафедра оқытушылары Қ.Қ.Мұратов, С.Х.Құлбеков, Ғ.Х.Хабдоллаев, Е.Л.Лұқпанов, Г.М.Темірбаева студенттер арасында. Наурыз мейрамы

90-шы жылдар ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Абай атындағы АлМУ-дың түлектері Н.С.Тілеуханов, Л.Третьякова, Т.Марченко, С.Қожасова кафедраның жас оқытушыларының қатарына қосылды.

1991-2000 жылдары кафедра құрамын Қ.Т.Досалиев, И. Қадыров, З.С.Бақтығұлов, И.Б.Мұқашева, Т.Ә.Хамзин, Б.А.Молдашева, С.Е.Кенжеғалиев, Т.С.Жаньярова, Н.А.Жүсіпқали, Ж.С.Қайнбаева, С.Хахаева толықтырды.

«Көркемсурет-графика» факультетінің құрамында ашылған кафедра даму көрсеткіші мен жаңа мамандықтар қосылуына байланысты атауын бірнеше рет өзгертті. Факультет деканы болып әр жылдарда: Т.Ә.Әбілов, И.Ө.Өтегенов, Б.М.Моменов, А.Ғ.Сейтімов сынды ғалым-педагогтар абыройлы еңбек етті.

Бірінші қатарда: солдан оңға қарай факультет деканы, п.ғ.к., доцент Т.А.Абилов, оқу шебері Н.А.Дробышев, т.ғ.к. Г.М.Могилевский, кафедра меңгерушісі Г.Х.Хабдоллаев, оқытушылар Л.Л.Прищепная, О.С.Мельникова, Екінші қатарда: оқытушылар С.Исағалиев, И.Ө.Өтегенов

2000 жылы облыстағы маңдайалды үш жоғары оқу орны біріктірілді. Аграрлық-техникалық университет, Дәулеткерей атындағы өнер институты қосылып ірілендірілуге байланысты Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрылымында үш кафедра жұмыс жасады, олар «Бейнелеу өнері», «Еңбек технологиясы және кәсіптік білім», «Сәндік өнер және дизайн» (кафедра меңгерушілері А.Ғ.Сейтімов, И.Ө.Өтегенов және С.Ө.Төлегенова). Кафедра құрамы өнер институтынан келген Т.Р.Сарманбеков, Б.Ұ.Нұрашев, С.Ө.Төлегенова, Н.Ж.Бисақаева, Б.Ғ.Дәулетова, О.И.Ворожейкина, кейінірек Ю.В.Пак, Т.С.Сенғалиева, А.С.Бақытова, С.М.Мұхамбетқалиева, Н.Н.Хайруллина сынды маман-оқытушылармен толықты.

2000 жылдан бері қарай (әр жылдарда) кафедраға алынған оқытушылар: М.С.Құлбекова, С.В.Жужа, А.Т.Испанова, Г.В.Жулягина, Ғ.Х.Қапақов, С.С.Ғұсманов, Н.А.Хабадашев, Н.Е.Әміржанов, Ж.С.Кенжина, М.Т.Отаров, А.Б.Әбдешев, А.С.Бекқалиева, Ф.С.Жапақова.

 

Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай кафедра меңгерушісінің орынбасары, БҚМУ доценті Т.Ә.Хамзин, кафедра меңгерушісі филос.ғ.к., доцент А.Ғ.Сейтімов, п.ғ.к., О.И.Ворожейкина, БҚМУ доценті, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қ.Н.Мәдір, аға оқытушы А.Қ.Базарбаева, оқытушылар А.С.Бахитова, А.С.Бекқалиева, Э.Е.Файзуллина. Екінші қатарда: солдан оңға қарай зертханашы М.Ғ.Бекмачева, А.С.Алманова, оқытушылар А.Ж.Дүйсенбаев, Ж.С.Кенжина, Б.А.Молдашева, п.ғ.к. Ж.С.Кайнбаева, аға зертханашы Г.Г.Мажитова, оқытушы И.Б.Мукашева, филос.ғ.к. Н.С.Тілеуханов, оқытушылар Қ.Қ.Жумагалиева, А.Муканова, Ш.С.Искалиева, М.Т.Отаров, А.Б.Абдешев

2008 жылы жоғарыда аталған үш кафедра бір кафедраға біріктіріліп, «Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім» аталды, кейінгі жылдары «Бейнелеу өнері және дизайн» атауын иеленді. Кафедра меңгерушісі болып әр кезеңде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ғ.Сейтімов, техника ғылымдарының кандидаты, доцент И.Ө.Өтегенов, аға оқытушы Т.Ә.Хамзин еңбек етті.

2013 жылдан кафедраға педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.С.Қайнбаева басшылық жасайды.

Кафедра педагог-суретшілерді даярлау ісінде бай дәстүрге ие. Профессор-оқытушылар құрамының шығармашылық жұмыстарын еліміздің және шетелдердің галереяларынан, мұражай мен жеке қорлардан көруге болады.

Қазіргі уақытта кафедрада қызмет ететін тәжірибелі де білікті педагог-мамандар, сонымен қатар жас оқытушылар құрамында: тех.ғ.к. И.Ө.Өтегенов, филос.ғ.к. Н.С.Тілеуханов, п.ғ.к. О.И.Ворожейкина, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Т.Р.Сарманбеков, ҚР Суретшілер және Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қ.Н.Мәдіров, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, магистр А.Б.Әбдешев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі М.Т.Отаров, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, магистр Н.А.Хабадашев, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, магистр А.Ж.Дүйсенбаев, магистрлар: Э.Е.Файзуллина, А.Т.Испанова, А.С.Бекқалиева, аға оқытушылар: Т.Ә.Хамзин, Б.А.Молдашева, Н.Ж.Бисақаева, Ғ.Х.Қапақов, Б.Ғ.Давлетова, оқытушылар: А.Қ.Базарбаева, С.Ө.Төлегенова, Ш.Е.Катчекова, А.С.Бахитова, И.Б.Мұқашева, Г.В.Жулягина, Ә.Ғ.Есенғалиева, Ю.В.Пак. Оқытушылар құрамымен қатар оқу шеберлері С.Е.Кенжеғалиев, А.С.Лұқпанова, аға зертханашы Г.Г.Мәжитова, нұсқалар қоры зертханашысы Р.Е.Әмірхановалар еңбек етеді.

Алдыңғы қатарда: солдан оңға қарай аға оқытушылар Б.А Молдашева., Г.Х.Қапақов, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Ж.С.Кайнбаева, п.ғ.к. О.И.Ворожейкина, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қ.Н.Мәдір, оқытушы А.С.Бахитова. Екінші қатарда: солдан оңға қарай оқытушылар Н.А.Хабадашев, М.Т.Отаров, И.Б.Мукашев., Г.В.Жулягина, А.Қ.Базарбаева, филос.ғ.к. Н.С.Тілеуханов, Н.Ж.Бисакаева, Ш.Е.Катчекова, Э.Е.Файзуллина, Ә.Қ.Есенғалиева, С.Ө.Төлегенова, А.Ж.Дүйсенбаев.

2009 жылы «Дизайн» мамандығы бойынша кафедрада магистратура ашылды (бүгінге дейін 15 магистр диссертация қорғаған). Соның нәтижесінде кафедра ғылым кандидаттары, магистрлармен толығып келеді. 2009 жылы оқытушы Н.С.Тілеуханов Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да кандидаттық диссертациясын, 2013-2015 жылдары жас оқытушылар: А.Ж.Дүйсенбаев, Э.Е.Файзуллина, Ш.С.Исқалиева, А.Б.Әбдешев, Н.А.Хабадашев А.С.Бекқалиева магистрлік диссертацияларын қорғады.

Қазіргі таңда «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы үш мамандық бойынша кадрлар даярлайды: 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В041700 «Сәндік өнер», 5В042100 «Дизайн». Бұл мамандықтарды тәмамдаған түлектер елімізде, жақын шетелдерде қай салада болмасын абыройлы еңбек етіп, қоғамның гүлденуіне атсалысып келеді.

Сапалы білім беру үшін кафедрада мамандандырылған шеберханалар, заманауи құралдармен жабдықталған компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Сонымен қатар машықтық сабақтарға пайдаланатын нұсқалар қоры жыл сайын жаңартылып отырады.

Кафедра оқытушылары білімдерін университетте, республикалық білім көтеру орталықтарында ұдайы жетілдіріп, алыс және жақын шетелдерде тағылымдамадан өтіп, оқу үдерісінде дәстүрлі, сондай-ақ жаңа білім беру технологияларын қолданады.

Оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін көтеру мақсатында республиканың басты оқу орындарынан, сондай-ақ жақын шетелдерден профессор-оқытушылар келіп дәріс, шеберлік дәрістерін жүргізді. Олар: Краснодар мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры, п.ғ.д. А.А.Горбачев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доцентері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, п.ғ.к. Г.К.Қабижанова және Ж.Н.Шайгөзова. 2016 жылы кафедраға алыс шетелден Курукшетра (Үндістан) университетінен бейнелеу өнері департаментінің төрағасы, өнер философиясының PhD докторы Рам Виранжан шақырылды.

Кафедрада сала бойынша мамандар даярлаумен қатар, қосымша оқу бағдарламалары жүзеге асырылады. 2016 жылдан студенттерге және бітіруші түлектерге арнап «Еңбек технологиясынан» арнайы курс оқытылады, бұл мектепке қосымша педагогикалық бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Академиялық ұтқырлық бойынша студенттерді оқыту жүйесі кафедрада жақсы жолға қойылған. Соңғы жылдардың өзінде ҚазБСҚА, Абай атындағы ҚазҰПУ, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сында мамандық студенттері тәжірибе алмасып, оқып келді. «Дизайн» мамандығының 3 курс студенті Назерке Карина 2016 жылдан Германияның Майнс қаласындағы университетте білімін жалғастыруда.

Кафедрада мамандар даярлау ісін жетілдіруге, оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік көрнекіліктер шығару жақсы жолға қойылған. Соңғы жылдардың өзінде 25-ке тарта оқу-әдістемелік құралдар мен электронды оқулықтар жарық көрді. 2012 жылы филос.ғ.к. Н.С.Тілеухановтың «Көркем өнер мәдениетінің тілдік ерекшеліктері» атты монографиясы шығып, бүгінде оқу үдерісінде пайдаланылып келеді.

2009 жылдан бастап кафедрада Дизайн мамандығы бойынша магистратура ашылып, 15 магистрант диссертациясын сәтті қорғап шықты. Олардың арасында кафедра оқытушылары А.Ж.Дюсенбаев, Ш.С.Искалиева, Н.А.Хабадашев, А.Б.Абдешев те бар.

Кафедрада алыс, жақын шетелдер жоғары оқу орындарымен, атап айтсақ, Курукшетра университетімен (Үндістан) және Ресей университеттерімен тығыз байланыс орнаған.

Ресей университеттері арасында халықаралық байланыс орнаған. Оның айғағы ретінде п.ғ.к. О.И.Ворожейкинаның Ресейдің үш жоғары оқу орнында 2016 жылы өткізген дәрістерін, шеберлік кластарын айтуымызға болады (Кубань әлеуметтік-экономикалық институты, Краснодар мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Әлеуметтік-ақпараттық технологиялар және маркетинг академиясы).

2017 жылы ақпанның 19 мен 24 арасында кафедра меңгерушісі Ж.С.Кайнбаева, аға оқытушылар М.Т.Отаров, Э.Е.Файзуллина Курукшетра (Үндістан) университеті бейнелеу өнері департаментінің шақыртуымен қызметтік іссапарға барып, халықаралық қарым-қатынас шеңберінде кафедра оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, көркем роспись және майлы бояу кескіндемесінен шеберлік кластары сериясын өткізіп қайтты.

Курукшетра (Үндістан) университетінің бейнелеу өнері департаментінің төрағасы, өнер философиясының PhD докторы Рам Виранжан студенттер арасында

Студенттер әр жылдарда көптеген ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, шығармашылық жұмыстармен түрлі байқауларға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленді, дипломдармен марапатталды. Оларды жоғары деңгейде дайындауда кафедрадағы оқытушы-мамандарының еңбегі зор.

Кафедрада екі студенттік үйірме жұмыс жасайды, олар: «Fashion Exclusive», «Керамика» (жетекшілері Э.Е.Файзуллина, Н.А.Хабадашев) Үйірмеге қатысатын студенттер өздерінің шығармашылық жұмыстарын қалалық мәдениет мекемелерінің ұйымдастыруымен өтетін түрлі іс-шараларда көрсетіп жүр.

Кафедраның басты бағыттарының бірі оқытушылар мен студенттердің шығармашылық жұмыстары болып табылады. Оқытушылар жыл сайын қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық көрмелерге, байқауларға, фестивальдерге белсенді қатысып, өздерінің жеке көрмелерін ұйымдастырады. Олардың туындыларын еліміз бен шетел картина галереяларынан, жеке коллекцияларынан көруге болады.

Кафедраның аға оқытушылары: ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Т.Р.Сарманбеков көп жылдар бойы шығармашылықпен айналысып, талантты шәкірттер дайындап, оларды кәсіби шеберлер қатарына қосты. Ел өнеріне сіңірген көп жылғы еңбегі үшін «Құрмет» төсбелгісімен марапатталды (2014 ж.); Қ.Н. Мәдіров - қоғамның дамуы мен гүлденуіне, ел өнері мен мәдениетінің дамуына атсалысып, жастарға патриоттық тәрбие беріп, ұлт арасындағы достықты нығайтуға сіңірген еңбектері үшін – «Құрмет грамотасы» (министр Ж.Түймебаев, 2009 ж.), «Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына-20 жыл» (2015 ж.) мемлекеттік мерейтойлық медалдарымен және «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен (2015 ж.) наградталды. Елдегі халықтар арасындағы достықты нығайтуға сіңірген қоғамдық еңбегі үшін профессор О.И.Ворожейкина «Қазақстан халқы Ассамблеясына-20 жыл» (2015 ж.) мемлекеттік мерейтойлық медалін өңіріне тақты.

Дәстүрге айналған облыстық, аймақтық «Жас дарын», «Дельфий ойындары» байқауларында «Бейнелеу өнері», «Сәндік өнер», «Дизайн» аталымдары бойынша кафедраның белді оқытушылары қазылық етеді. Кафедра алғаш рет 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған аймақтық байқау ұйымдастырып, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал қалаларының дарынды жастарын қабылдады. Студенттер аталмыш байқауда лауреат, дипломант атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталып жүр.

2015 жылы республикадағы ЖОО-ның ішінде жүргізілген рейтинг бойынша «Бейнелеу өнері және сызу», «Сәндік өнер» мамандықтары көшбасшы ондықтың ішінен табылып отыр.

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың бай тәжірибесі бар кафедраларының қатарынан саналады. Үлкен шығармашылық әлеуеті бар кафедра өзінің 40 жылдық тарихында сан мыңдаған жоғары білімді, шығармашыл мамандар даярлады, олар өз кезегінде қоғамның дамуына белсенді атсалысуда.

2019 жылы кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ЖОО қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобаны әзірлеумен айналысты. Жобаның тақырыбы: «Батыс Қазақстан облысының «Тақсай-1» аумағынан табылған «Алтын ханшайым» тарихи костюмін қайта жаңғырту». Жоба жетекшісі п.ғ.к., Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Ж.С.Кайнбаева. Зерттеу тобының мүшелері: тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сдықов; аға оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі Ю.В.Пак; аға оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі Н.А.Хабадашев; кафедра оқытушысы, киім дизайны шебері А.Е.Лукпанова.

БҚО «Тақсай-1» аумағынан табылған «Алтын ханшайым» тарихи киімін қайта жаңғырту»  ғылыми жобасының тұсаукесері (26 желтоқсан 2019 ж.).

2019-2020 оқу жылында кафедрада 6В02123 Сән және костюм дизайны; 6В02124 Интерьер дизайны; 6В01406 Мектептегі көркем еңбек және дизайн жаңа білім бағдарламалары ашылды. Жаңа білім беру бағдарламаларының ашылуына Ж.С.Кайнбаева, Н.Ж.Бисақаева, Б.Ә.Молдашева, Ю.В.Пак және т.б. ББ әзірлеушілер тобы орасан зор үлес қосты. Бұл білім бағдарламаларына қабылдау жылдан жылға артып келеді. ББ деректері бойынша 1 курсқа қабылдаудың бірінші жылында 92 студент оқуға түсті. Білім бағдарламалары сараптамалық қорытындыдан және бизнес-құрылымдар мен білім беру ұйымдарының жұмыс берушілер өкілдерімен, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен келісуден өтеді: Т.С.Бабиева.- «АР – ДЕКО» дизайн студиясының директоры (Интерьер дизайны, Сән және костюм дизайны); Ж.К.Құспанова – «Мария Ханым» сән үйінің директоры (Дизайн, Сән және костюм дизайны); Ә.Ғ.Тасқалиев – Құрманғазы атындағы саз колледжінің сәндік өнер және дизайн кафедрасының оқытушысы (Бейнелеу өнері, Мектептегі көркем еңбек және дизайн).

Дуалды оқытуды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдан бастап кафедраның оқытушылар құрамында жұмыс берушілер қызмет жасауда, олар «МЕКО» сән үйінің директоры М.И.Нұрғалиев, «Текемет» көркем галереясының директоры С.Б.Құспаева, «Ар-Деко» дизайн студиясының директоры Т.С.Бабиева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің (Орал қаласы) өнер мұғалімі М.Т.Отаров. Сонымен қатар, кафедраға оқытушы ретінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Горбачев және сәулет кандидаты Л.Ш.Рахимжанова шақырылды. Қазіргі уақытта кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы кафедраның білім бағдарламалары 6В021 өнер және 6В014 пәндік мамандандырылған мұғалімдерді даярлау бағыттары бойынша кәсіби кадрларды даярлауда сапалы еңбек етіп келеді.

Қала күнін, кафедра студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмелерін өткізу, облыстық және республикалық іс-шаралар мен конкурстарға қатысу аясында кафедра қаланың және облыстың шығармашылық ұйымдарымен тығыз қарым-қатынасты жалғастыруда.

2021-2022 жылы кафедра құрамы өнертану магистрлері В.С.Жұмағалиева, Ж.Н.Пазлышанова сияқты жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін оқытушылармен толықтырылды.

Бірінші қатарда: солдан оңға қарай Т.Ә.Хамзин; филос.ғ.к. Н.С.Тілеуханов; кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Ж.С.Кайнбаева; Ғ.Х.Қапақов, С.Ө.Төлегенова;

Екінші қатарда: солдан оңға қарай Н.А.Хабадашев, А.Ж.Дүйсенбаев; Ж.Н.Пазлышанова, Б.А.Молдашева, зертханашы Г.Г.Мәжитова, А.К.Есенғалиева, Н.Ж.Бисақаева, Ш.Е.Катчекова, В.С.Жұмағалиева, А.Б.Абдешев және С.Т.Сарманбеков.

2022-2023 оқу жылынан бастап кафедра мектептегі көркем еңбек және дизайн мұғалімдерін, сән және дизайн мамандарын даярлау білім беру бағдарламалары бөлімі болып өзгертілді. БББ жетекшісі – п.ғ.к., аға оқытушы Ж.С.Қайнбаева.

Дәл осы жылдары БББ п.ғ.д., профессор А.А.Горбачев, сәулет ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Л.Ш.Рақымжанова, өнертану кандидаты, доцент Е.Г.Малиновская, өнертану докторы (PhD), аға оқытушы А.Б.Кенжеқұлова сияқты жетекші ғалымдар шақырылды.

Жыл сайын білім беру бағдарламалары «Атамекен» Республикалық рейтингіне қатысады, және рейтинг нәтижелері бойынша 6В01405 - «Бейнелеу өнері және сызу» ББ 2020 жылы 2-орын; 2022 жылы 3-орын және 2023 жылы 3-орын алса, ал 6В02109 - «Интерьер дизайны» ББ 2020 жылы 1-орын, «Сән және костюм дизайны» ББ 2022 және 2023 жылдары 3-орындарды иеленді.

БББ студенттері облыстық, республикалық шығармашылық байқауларға және ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауларына қатысып жүр.

Көбенов Қанат – «Сәндік өнер» ББ студенті XII Республикалық пәндік олимпиадада «Зергерлік өнер» номинациясы бойынша 3-орын, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы (Алматы, 2020 ж.).

Ковалев Денис – «Интерьер дизайны» ББ студенті «Инженерлік графика» пәні бойынша республикалық пәндік олимпиадада 2-орын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, 2022 ж.).

Асанова Сая – «Дизайн» ББ студенті «Графикалық дизайн элементтері мен тенденциялары» пәні бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, 2022 ж).

Өтешева Эльнара, Манашева Земфира – «Интерьер дизайны» ББ студенттері ЖОО студенттері арасындағы Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар байқауында 3-орын (Алматы, 2023 ж.).

Қазіргі уақытта 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдауды жүзеге асыру мақсатында ББ әзірлеушілер тобы (Ж.С.Қайынбаева, Н.Ж.Бисақаева, Ж.Н.Пазлышанова, С.Т.Сарманбеков, А.Қ.Есенғалиева, А.Б.Абдешев, А.Ж.Дүйсенбаев, В.С.Жұмағалиева) еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, қолданбалы қолөнердің барлық бағыттары бойынша графикалық дизайн және сәндік дизайн мамандарын даярлау бойынша жұмыстар жүргізуде.

 

Музыка мұғалімдерін дайындау БББ

  • Басып шығару

6В01404 Музыкалық білім

-күндізгі оқу-4 жыл

-күндізгі қысқартылған-3 жыл

-күндізгі қысқартылған-2 жыл

Қашықтан оқу-3 жыл (орта білімі бар)

Дайындық бағыты:

6В014 Пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

Мақсаты:

6В01404 Музыкалық білім

Заманауи музыкалық, коммуникативтік, цифрлық, кәсіпкерлік құзыреттіліктері мен инклюзивті музыкалық білім беру дағдыларына ие, музыкалық-оқытудың жоғары сапалы контентін құруға және музыкалық-білім беру үрдісін ұйымдастыруға қабілетті педагог-музыкантты даярлау.

7М01404 Музыкалық білім

жоғары, орта және кәсіби білім беру жүйесінде музыкалық білім саласында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға қабілетті, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын, жеке тұлға және жалпы мәдени, кәсіби және пәндік құзыреттіліктері мен оларды практикалық қызметте жүзеге асыру дағдылары бар, жаңартылған музыкалық білім беру саласында іргелі теориялық-әдіснамалық дайындыққа ие бәсекеге қабілетті білікті магистр дайындау.

Құзыреттіліктер:

- идеологиялық ұстанымды қалыптастыру үшін философиялық білім негіздерін білу;

- Философияның ережелері мен категорияларын әртүрлі әлеуметтік тенденцияларды, фактілерді бағалау және талдау үшін пайдалану құбылыстар;

- философияның негізгі бағыттарын, мәселелерін, теориясы мен әдістерін, қазіргі философиялық пікірталастардың мазмұнын білу.

- әлеуметтік даму проблемалары;

- Қазіргі өркениет пен мәдениет мәселелері бойынша білімге ие болу; саласындағы құқықтық және моральдық-этикалық нормалар кәсіби қызмет.

-ансамбльдік орындаушылық, оркестрлік музыка жасау шеберлігін көрсету;

-оркестрде ойнау дағдыларын, әртүрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы оркестрлік музыка шығармаларын меңгеру;

-оркестрлік сүйемелдеу ерекшелігін меңгеру.

Оқыту тілі: қазақ және орыс тілі

Берілетін академиялық дәреже

Музыкалық білім беру бакалавры

Оқыту нәтижелері

- мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру, одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын қолдану және педагогикалық және қоғамдық қызметте кәсіби өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру; кәсіби қызметте денсаулықты сақтауды, нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты пайдалану;

-Мәдениетпен, өнермен, кәсіби музыкалық терминологиямен, орындаушылық шеберлікпен байланысты кәсіби қызмет жағдайында алынған теориялық білім мен практикалық шығармашылық жұмыс дағдыларын синтездейді;

-Классикалық және заманауи репертуарды, сондай-ақ аспаптық шығармалардың жанрлық классификациясын жетік меңгерген солист ретінде де, ансамбльде де музыкалық-орындаушылық қызметті жүзеге асырады;

- Шығармашылық, ғылыми-зерттеу және кәсіптік қызметінде негізгі  және кәсіби мамандық бойынша алған теориялық білімдерін, академиялық адалдықтың негіздері мен принциптері, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазба әдістерін іс жүзінде қолдану;

-Ғылыми-педагогикалық зерттеулер контекстінде идеяларды дамыту және қолдану үшін негіз болып табылатын жоғары білім деңгейінде алынған білім мен дағдыларды пайдаланады.

А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты басшылығы қазіргі Қазақстанның даму жағдайында балаларға музыкалық-эстетиткалық тәрбие беруді көтеру мақсатында жалпы білім беретін орта мектептерде музыка пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді даярлайды.

1990 жылы көркем-графика факультеті базасында 0317 «Музыка және ән», соңынан 031740 «Музыкалық білім» мамандығы ашылды.

Музыкалық білім беруді дамытудағы шеберлер – Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Ә.С. Молдағайынов, оқытушылар Н.С. Хамитова, Р.Ғ. Шынтемірова, Н.Г. Сиваш, Н.А. Думчева және басқалардың еңбектері зор.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., профессор И.М. Ломоносов жетекшілігімен студенттерге жан-жақты музыкалық тәрбие беру саласындағы жұмыстар өркендей түседі. Аз уақыт ішінде бұл еңбек өз нәтижесін бере бастады: алғашқы түлектері: Т. Буракова, Д. Байтілеуов, М. Жолбаев, Н. Тасболатов т.б. жоғары дәрежелі маман екендіктерін дәлелдеп келеді.

1995-1996 жылдардан бастап «Музыка және ән» кафедрасын п.ғ.к., доцент М.М. Нағымова өз қолына алады. Меңгерушінің іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілетіның арқасында ғылыми-әдістемелік жұмыстар жақсы жолға қойылып, талапкерлердің де көптеп келуі нәтижесінде мамандыққа деген сұраныс арта түсті. Осы кезеңде қызметке келген А.А. Құсайынов, А.Б. Жардемова, М. Колесников, Д.М. Байтлеуов, Л.Қ. Өмірзақова сынды білікті, білімді оқытушылар болашақ маман дайындауда өз үлестерін қосты. Кейіннен Ш. Қыдырниязова, С.Н. Қошқарбаев, доцент Ж.А. Рахимова, доцент Қ.К. Қожақов, С. Рахметжанов сынды оқытушылармен толыққан болса, қазіргі буын осы игі істі жалғастыруда.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында әр жылдарда музыкалық педагогика саласының алдынғы қатарлы мамандары шақыртылып, дәрістер тыңдалып, шеберлік кластар өткізіледі: атап айтқанда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры, п.ғ.д., проф. М.Р. Жардемалиева, Москва мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д., проф. Э.Б. Абдуллин, өнертану докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры Б.И. Қарақұлов және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор А.Т. Жайымов және т.б.

Жаңа ғасырдың басында  нақты айтқанда 2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған «Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі М.М.Нагимова егемен Қазақстанды құру міндеттеріне сәйкес кафедра қызметін ұйымдастыруға зор үлес қосты. Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету жаңартылды, болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлау жоспарлары мен бағдарламалары жоғары талаптарға сай бола бастады. Кафедраның ғылыми әлеуеті жоғарлап, ғылыми-зерттеу жұмыстары алға басты. Кандидаттық диссертация қорғағандар: п.ғ.к., Нагимова М.М., п.ғ.к., Кисметов Қ.Л., РһD доктор, Кажимова К.Р.; Магистрлік диссертацияларын қорғап Музыкалық білім магистрі академиялық атағына ие болды мұғалімдер: Юрченко А.В., Мұсағалиева Г.Б., Куаншалиева Р.Ж., Бисекова К.Е., Кажгалиева Л.М., Утегенова Г.Е., Бекеева Г.А., Кенжегалиева А.Ж., Ахатова Э.С., Габбасова М.Т., Кенжегалиев А.М. т.б.   Кафедраның екінші бағыты ол концерттік-шығармашылық бағыт. Бұл жолда  Кусаинов А.А. «Халық аспаптар оркестрі және фольклорлық ансамбльдерге арнаған шығармалар», Байтілеуова Д.М. «Баян аспабына арналған шығармалар», Жәрдемова А.Б. «Музыка тарихы пәнінен студентерге арналған қосымша оқу құралы», п.ғ.к. Нагимова М.М. «Өнер әлемі», «Оқушылардың дүниетанымындағы өнер сабағы: теория мен практика» (монография). Кафедра оқытушылары халықаралық және республикалық конференцияларға, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының музыкалық білім беру ісінің көрнекті қайраткерлерінің БҚМУ қабырғасында өтетін шеберлік сабақтарына белсенді қатысады.

 2015 жылы «Музыкалық білім» және «Вокал» деген екі кафедраны біріктіру арқылы «Музыкалық білім және вокал» кафедрасы құрылды. Кафедраны. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к., О.А.Бабенко басқарды.

2024 жылы кафедра «Музыка мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасы» болып бөлініп, қазіргі таңда осы кафедраның басына п.ғ.к., ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Қ.Л. Кисметов басқарады.

Мамандықтың беделді студенттері конкурстар мен фестивальдердің қатысушылары мен лауреаттары болады; «Жас Қыран» триосы – «Жас қанат» халықаралық байқауының және халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаттары – Астана, 2000 ж., «Ару» триосы – Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанттары – Астана 2000 ж., Қуаналиев А. – лауреат Халықаралық «Шабыт» фестивалінің – 2002 ж., Өтешқалиев Ж. – Халықаралық фестивальдің дипломанты «Шабыт» – 2003, Усманов М. – Халықаралық «Жахан дала» байқауының лауреаты – Ақтау, 2-ші Республикалық «Жас толқын» байқауының лауреаты Скорикова – Тараз 2003 және т.б.

Кафедра оқытушылары әртүрлі халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары: доцент Кужаков К.К., Нагимова М.М., Құсайынов А.А., Байтілеуов Д.М., Бердіғалиев А.К., Есентемиров Д.Н., Айгалиева А.К., Мергалиева М.Т. т.б.

Кафедра студенттері түрлі байқаулар мен фестивальдерге қатысып, кәсіби дайындықтарының жоғары екендігін дәлелдейді: Өтешқалиев Ж. Скорикова М. Республикалық «Дос-Мұқасан әндері» байқауының дипломанты 2005; Әжкенов А. – «Ертіс жұлдыздары» халықаралық байқауының лауреаты – Павлодар, 2005 ж.; Құмаров Ж.- V Республикалық «Жас толқын» байқауының лауреаты, - Қарағанды ​​2005 ж.; «Үш қоңыр» триосы – «Дос-Мұқасан – Павлодар, 2005 ж.» республикалық байқауының Гран-при иегері; Айташев Радмир – «Үздік музыка мұғалімі» 3-ші Республикалық конкурс-фестивалінің лауреаты – Ақтөбе, 2006 ж.; Мерғалиева Мейрамгүл – «Үздік музыка мұғалімі» фестивалінің 3-ші Республикалық байқауының лауреаты – Ақтөбе, 2006 ж.; «Шабыт» триосы – «Келсенші, маған ән болып» ретро фестивалінің лауреаттары Тараз, 2006 ж.; Жексенбаев Таңат – «Ата Мекен» халықаралық байқауының лауреаты – Орал, 2006 ж.; Ғазижанов Альберт – Қ.Дүйсекеев атындағы Республикалық байқаудың Бас жүлдесі – Қызылорда, 2005 ж.; Ә.Бейсеуов атындағы Республикалық байқаудың Бас жүлдесі – Орал 2006 ж.; «Ата Мекен» халықаралық байқауының лауреаты – Орал, 2006 ж.; Хасанова Жаңылсын – XV Республикалық «Жас қанат» байқауының лауреаты – Астана, 2006 ж.; «Жайнар» триосы – А.Бейсеуов атындағы Республикалық байқаудың лауреаттары-Орал, 2006 ж.; «Ел жүрек» триосы - VI Республикалық «Жастолқын» байқауының Гран-приі - Павлодар, 2006 ж.; Шайхин Асланбек – А. Бейсеуова-Орал, 2006 ж; Айтемір Даулетқалиев - І Аймақтық «Ер журек Мәншүк» байқауының 3 – орын иегері; «БатысSTAR» тобы - Облыстық патриоттық әндер байқауының 3 – орын, Халықаралық «На – Николаевской» байқауының ГРАН-При (Орынбор), І.Жақанов атындағы Халықаралық «Еділ мен Жайық» байқауының 2 орын иегері (Атырау); «MakhamBand» (1топ) тобы - На крыльях музыки Халықаралық байқаудың лауреаты - 3 орын иегері (Самара); «MakhamBand» 2 топ) тобы - Жастықтың алауындай, жүректің қалауындай - Досмұқасан республикалық байқауының 1 орын иегері (Алматы); «Жамбыл жастары шақырады» I- Республикалық ән фестивалі БАС ЖҮЛДЕ, Ұлы жеңістің 70жылдығына орай өткізілген «Ерлікке тағзым»  республикалық әскери-патриоттық ән байқау I-ші дәрежелі дипломы Кәусар триосы (жетекшісі оқытушы Г.Е.Утегенова), Аружан Бисембай – «Түркістан дауысы» республикалық ән байқауының 3 орын (Түркістан), «Жас-қанат» республикалық байқауының дипломанты (Астана), Роза Бағланова атындағы Халықаралық әншілер байқауының 1 орын иегері (Астана) т.б...

 

Облыстық байқаудың лауреаты атағын жеңіп алған «Ата мұра» фольклорлық ансамблі 2005 жылғы халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысуға жолдама алды.

2007 жылдың сәуір айында кафедрада музыка пәні мұғалімдері арасында «Үздік музыка мұғалімі» атты облыстық байқау өтті. М.Өтемісова және бірқатар талантты және жас музыка мұғалімдерін анықтады.

 

  Қазіргі уақытта кафедрада ғылыми дәрежесі бар жоғары білікті оқытушылар, түрлі конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары, дипломанттары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері және талантты ұстаздар қызмет етеді.

Режиссура, хореография және мәдени-тынығу жұмысы БББ

  • Басып шығару

Режиссура, хореография және мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламаларының жетекшісі

Айткалиева Карлыгаш Даиргалиевна

 

№4 оқу ғимараты

Нұрсұлтан  Назарбаева  даңғылы, 137

Телефон: 8(7112) 512739

E-mail: aitkalieva_kd@mail.ru

Кафедра М.Өтемісов атындағы БҚУ мәдениет және өнер факультетінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады және  6В02105 - Хореография, 6В02104 - Режиссура, 6В11102 - Мәдени-тынығу жұмысы, 7М11102 - Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Кафедра қызметінің мақсаттары:

  • білім берудің жоғары сапасын және кафедраның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылым, білім және өндіріс интеграциясы негізінде кафедра ББ бойынша білім беру саласында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, концерттік-шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыру;
  • еңбек нарығының өзгермелі жағдайларын бағдарлай алатын, бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Кафедра қызметінің міндеттері:

  • кафедраның білім беру бағдарламаларын орындау барысында жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің сұраныстарына сәйкес оқытудың озық технологиялары мен заманауи білім беру инфрақұрылымын пайдалану;
  • кафедра ББ ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруді ақпараттандыру және оқытудың жаңа ақпараттық ресурстары мен технологияларын енгізу саласында университеттің инновациялық саясатын жүргізуді қолдау;
  • мамандардың кәсіби деңгейін үнемі арттыру, кафедра ББ бойынша өзекті ғылыми зерттеулер жүргізу, әр маманның шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы кафедра ПОҚ жетілдіру. Білім беру үрдісіне қатысу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші мамандарын, Қазақстан Республикасының және әлемнің басқа елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлерін тарту.

Кафедрада ББ динамикалық және тиімді дамуының түрлі жолдары мен әдістері қарастырылды:

  • Еңбек нарығының қажеттіліктерін және білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін мониторингілеу;
  • Арнайы пәндер оқытушыларынан және өңірдің жетекші мәдениет қызметкерлерінен шығармашылық топтар құру;
  • ББ жетілдіру бойынша жұмыс берушілермен бірлескен қызмет (жұмыс берушілер кеңесінің жұмысы, тұрақты сауалнама жүргізу, ұсыныстар алу, дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар және т.б.);
  • Білім алушылардың өндірістік сарамннан өтуі және одан әрі жұмысқа орналасуы үшін жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті дамыту;
  • Оқытушылардың біліктілігін арттыру, оқытушылармен алмасу бағдарламалары, сырттан мамандарды тарту және т.б.
  • Оқу кабинеттерін жаңғырту;
  • Республикалық, Халықаралық кәсіби шеберлік байқауларына қатысу;
  • Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және басып шығару.

Дәстүрлі-музыкалық және орындаушылық өнер кафедрасы

  • Басып шығару

Кафедраның миссиясы: Кафедраның миссиясы - оқу үрдісіндегі кәсіби музыкалық деректермен және олардың білімін, дағдыларын, оқу барысында тәжірибесін, кәсіби музыкалық қызметті әрі қарай дамытуға және Қазақстан Республикасына қажетті қабілетті мамандарды дайындауға жағдай жасау.

Кафедраның мақсаты: «Аспапта орындаушылық» және «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандықтары бойынша «Бакалавриат» академиялық дәрежесі бар мамандарды даярлауға бағытталған жоғары кәсіби білім берудің бағдарламаларына сәйкес концерттік орындаушылар мен оқытушыларды даярлау. Кафедраның мақсаты қаланың, облыстың және Қазақстан Республикасының музыкалық оқу орындарында арнайы музыкалық пәндерді оқытудың, ғылыми студенттік жұмысты, біліктілікті жоғарылату жұмыстарын дайындаудың, педагогикалық практиканың сапалы деңгейін қалыптастыратын жоғары білікті оқытушылар ұжымымен жүзеге асырылады.

Кафедра тарихы: "Дәстүрлі музыка өнері" кафедрасы 2015 жылы ашылған. Қазіргі уақытта кафедрада 5В040400 - «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы, «Халық әндері» және «Халық аспаптары» мамандандыруы бойынша және 5В040200 «Аспапта орындау» мамандығынан бакалаврларды дайындау жүзеге асырылады.

Кафедраны2015-2017 жылдары - педагогика ғылымдарыныңдокторы, профессор М. Е. Ержановбасқарды.Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі аға оқытушы Кусайнов А.А.

"Дәстүрлі музыкалық өнері" кафедрасында музыкалық орындаушылық өнер мен музыка ғылымы саласындағы белгілі мамандар қызмет атқарады: педагогика ғылымдарының докторы, профессор М. Е. Ержанов; доцент, өнертану кандидаты Ергалиева А. Т.; доцент, Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты, Қазақстан Республикасының "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Е. Ш. Нұрымбетов; доцент, ҚР Композиторлар одағының мүшесі М. М. Попов, аға оқытушылар Л. Ж. Каженова, С. Ж. Табылдиева, В. Н. Лягавина, Әлімбаева Г. Б., оқытушы Шукеев А. Л., оқытушы магистр Мухамбетжанова А. А.

Кафедраның зор шығармашылық және ғылыми-зерттеу әлеуеті кафедра оқытушылары мен студентерінің Республикалық және Халықаралық конкурстарға, республиканың концерттік өміріне (сонымен қатар үкіметтік концерттерге), шетелдерге гастрөлдік сапарларға, жеке концерттерге, теледидар бағдарламаларына, монографиялар мен мақалалар жинақтарын, оқу құралдары және бағдарламаларды басып шығаруға, Республикалық және Халықаралық конференцияларға белсенді қатысуы, отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялауы арқылы ашылады. Кафедра оқытушылары үнемі әр түрлі конкурстар мен фестивальдердің қазылар алқасы құрамында жұмыс істейді, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша мастер-класстар өткізіп тұрады.

Дәстүрлі музыка өнері саласындағы білім беру үрдісінің тиімділігін және сапасын арттыру негізінде мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру, Республиканың, сондай-ақ шетелдің алдыңғы қатарлы білім беру және мәдени ұйымдарымен өзара интеграциялық іс-әрекетін күшейту, музыкалық өнер саласында мамандар даярлауда кафедраның негізгі мақсаты мен міндеттері болып табылады.

 

“Мен таңдаған мамандық”

  • Басып шығару
Толығырақ...

Малаева Дария Нурболатовна

  • Басып шығару

 Оқытушы

Толығырақ...

Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы 137, 104 кабинет.

Телефон: 87112-51-27-39

Электрондық пошта: culture@wksu.kz

© M.Utemisov WKSU
  • Главная страница
  • Факультет
    • Факультет туралы
    • Академиялық ұтқырлық
    • Студенттік өмір
    • БББ
      • Музыка мұғалімдерін және орындаушылық өнер мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары
      • Көркем еңбек және мектептегі дизайн мұғалімдерін, сән және дизайн мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары
      • Режиссура, хореография және мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламалары
    • Ғылыми қызметі
    • Халықаралық ынтымақтастық
  • Жаңалықтар
  • Бейнедәрістер