2025 жылғы 15-18ші сәуір аралығында М. Өтемісов атындағы БҚУ-да білім беру сапасын арттыру мақсатында САААЕ агенттігінің (білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы) 29 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу бойынша сыртқы сараптамалық комиссиясы келіп жұмысын жасады.
Сапар аясында университет басшылығымен, оқытушылармен, қызметкерлермен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өтті. Сондай-ақ сарапшылар оқу сабақтарына қатысып, практика базаларымен және университеттің инфрақұрылымымен танысты.
Қонақтарға мәдениет және өнер факультетінің ұйымдастыруымен концерттік шара ұйымдастырылды. Шараға мамандық студенттері өнер көрсетті!
@bqu_madeniet_zhane_oner
@bqu_resmi


