Қараша айының 26-сы күні Музыка мұғалімдерін дайындау БББ Моб-41 тобының кураторы аға оқытушы, магистр Г.Е.Утегенованың ұйымдастыруымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында кураторлық дөңгелек үстел өткізілді. Шараға түлектерді жұмыспен қамтудың тиімді жолдарын айқындау және пікір алмасу мақсатында жұмыс берушілерде шақырылды. Сонымен қатар, кешегі түлектер бүгінгі жас маман дегендей мамандық түлектері де қатысты.
1. Есқайыров Қанат Амангелдіұлы - Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушысы;
2. Идрисова Алма Рахатқызы - Орал гуманитарлық техникалық колледж оқытушысы
3. Тлеумагамбетов Касен Орнбасарович - № 49 ЖОББМ музыка пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
4. Ибатова Айнара Айткалиқызы - Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі домбыра аспабының оқытушысы
5. Ажгереева Балауса Елеуқызы - №5 ЖОББМ музыка пәні мұғалімі, тәлімгер.
Дөңгелек үстел қорытындысында, мамандық туралы ұсыныс, ой-пікірлер талқыланып, музыкалық аспаптарда ансамбль, ән орындалып, кештің сәні келтірілді. Шара соңында факультет деканы Қ.Д. Айтқалиева және БББ жетекшісі Қ.Л. Қисметовке сөз беріліп, келген қонақтармен бітіруші түлектерге тілектерін арнады.