1-2 сәуір аралығында Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «6В01406 – Музыкалық білім» БББ бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
2024 жылғы республикалық олимпиадаға «6В01406 – Музыкалық білім» білім бағдарламасының «Музыканы оқыту әдістемесі» номинациясы бойынша ҚР жоғары оқу орындарының 15 студенті, ал «Музыкалық ағартушылық» номинациялары бойынша 12 студент қатысты: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, М.Х.Дулати атындағы «Тараз өңірлік университеті», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Музыкалық білім» БББ 4 курсында білім алушы студенттер олимпиадаға қатысып, басқа жоғарғы оқу орнынан келген студенттермен тәжірибе алмасты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Н.А. Зайыров (жетекшісі К.Е. Бисекова), 6В01406 Музыкалық білім «Музыкалық ағартушылық» номинациясы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен марапатталды. Сонымен қатар А.С. Сақы (жетекшісі К.Е. Бисекова), «Музыка мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі» номинациясы бойынша дипломмен, А.А. Ибатова (жетекшісі Л.Қ. Өмірзақова), «Музыка сабағының инновациялық – технологиялық жабдықталуы» номинациясы бойынша дипломмен, Б.Е. Ажгереева (жетекшісі Л.Қ. Өмірзақова), «Қазақ дәстүрін жаңғырту» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.