«Дәстүрлі музыка өнері» және «Аспаптық орындау» БББ-ның жұмыс берушілермен кездесу шарасы

15.03.2024ж  күні «Дәстүрлі музыка өнері» және «Аспаптық орындау» білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілерімен кездесу өтті. Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар музыка мектебінің оқу жөніндегі директор орынбасары Абрамова С.И., Құрманғазы атындағы саз колледжінің кадрлар бөлімінің басшысы Мурзашева Э.М., «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Қ.Р.Кажимова, БББ-ның оқытушылары және студенттері. Кездесу шарасын жүргізуші өнертану кандидаты Ергалиева А.Т. «Дәстүрлі музыка өнері» және «Аспаптық орындау» білім беру бағдарламаларының негізгі бағыттарын, стратегияларын, мақсаттарын, оқу бағдарламаларының және оқу - жұмыс  жоспарларының ерекшеліктерімен таныстырды. Кездесу барысында эллективті пәндер және сараман базалары жөнінде мәліметтер берілді. 

Д.Нүрпейісова атындағы №1 балалар музыка мектебінің оқу жөніндегі директор орынбасары Абрамова С.И.  М.Өтемісов атындағы БҚУ –дің «Дәстүрлі музыка өнері» және «Аспаптық орындау» білім беру бағдарламаларының түлектеріне жақсы мінездеме беріп, саз мектептеріне қажетті мамандарының тізімін айтып, оқу-жұмыс бағдарламадарында теория пәндерін күшейтуге ұсыныс беріп, теория мамандарының саз мектептеріне жетіспей жүргендерін мәлімдеді.

Құрманғазы атындағы саз колледжінің кадрлар бөлімінің басшысы Мурзашева Э.М. «Дәстүрлі музыка өнері» және «Аспаптық орындау» білім беру бағдарламаларының түлектерінің кәсіби білім деңгейі жоғары екендігіне қөңіл аударып, концертмейстер мамандарының қажеттігін айтты.

Кездесу барысында квалтест, элективті пәндерінің таңдауы, оқу-жұмыс жоспарына еңгізетін пәндер туралы сұрақтар шешілді, мамандардың жұмысқа орналасу мәселелері, білім сапасын көтеру, университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестігін нығайту сұрақтары қарастырылды.

Қорытынды:

  1. Элективті пәндер каталогын қалыптастыруға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ету;
  2. Білім беру бағдарламаларын әзерлеу, оның нәтижелері бойынша жұмыс берушілермен бірлесу;
  3. Практикаға бағытталған оқытуды кеңейту;
  4. Өңір үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конферециялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.

Print