«Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы музыка сабағын ұйымдастыру әдістері»

М.Өтемісов атындағы БҚУ Мәдениет және өнер факультеті, музыка пәні мұғалімдері мен орындаушылық өнер мамандарын дайындау білім бағдарламасының оқытушылары М.Т. Габбасова мен К.Е. Бисекованың «Өнер және мәдениет саласының кәсіби дамуы» атты әдістемелік айлық аясында «Оқыту мен критериалды бағалаудағы жаңа тәсілдер» пәні бойынша моб-41 тобының студенттерімен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы музыка сабағын ұйымдастыру әдістері» атты ашық сабағы өтті.Ашық сабақтың мақсаты
музыкалық білім мамандығы студенттерінің әртүрлі тапсырмалар мен әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы осы мамандықтың қыр-сырын ашып, болашақ музыка мұғалімдерінің үлгісін көрсету; Музыка сабағын жаңа технологияларды қолдана отырып, түрлендіру арқылы студенттердің мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ қорытындысында студенттердің алдын ала түсірілген бейне клиптері экраннан көрсетіліп, шулы аспаптар көмегімен «Біз бақытты баламыз» әнінің орындалуымен аяқталды.
Сабақ соңында университет әдістемелік бөлімінің әдіскері және декан орынбасары Н.А. Хабадашев, ББ оқытушылары Л.Қ. Өмірзақова, А.Ж. Кенжегалиева, Б.А. Молдашева сөз сөйлеп, сабақтың барысын талқылап, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті. Сабақ өз мақсатына жетті.


Print