«Болашақ музыка мұғалімдерінің шығармашылық мүмкіндіктері»

Факультетімізде ұйымдастырылған  «Өнер және мәдениет саласының кәсіби дамуы» атты әдістемелік айлықта Музыка пәні мұғалімдері мен орындаушылық өнер мамандарын дайындау БББ оқытушылары Жардемова А.Б., Өмірзақова Л.Қ., Кенжеғалиева А.Ж., Утегенова Г.Е., К.Е.Бисекова, Мұратова А.М. бірлесе қойған кіріктірілген сабақтары өтті. Болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда шығармашылық мүмкіндіктерін, негізгі пәндер арқылы кәсіби орындаушылық қабілеттерін дамыту, ізденістерін жетілдіру, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында бұл  кіріктірілген сабақ- бірнеше пәндердің бірігуі негізінде қандайда бір тақырыптың оқытылуы. Сабақта студенттердің ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылуына, алған білімдерін болашақта практикада қолдана білулеріне көмектеседі.

Студенттің болашақ маман ретінде теориялық білімдерімен іс-тәжірибенің ұштастырылуы Білім берудің негізгі мақсаты жан-жақты білімді, өзіндік шығармашылық талғамы бар, қабілетті маман даярлауда оқу үдерісін жетілдіру болып табылады.Кіріктірілген сабақта:

Мектеп ән репертуары практикумы

Аспапта орындаушылық өнер

Арнайы музыкалық аспап домбыра

Қосымша аспап

Дауыс қою

Хор класы және хормен жұмыс практикумы пәндерінен студенттер шығармалар ойнап, баян, домбыра, фортепианода және мектеп репертуарынан балаларға арналған шулы аспаптар қолданып әндер орындалды.Сонымен қатар, тек ән айтып қана емес, театрды да сахналап мюзикл қойылды.

Болашақ музыка мұғалімінің жан-жақтылығын көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл кіріктірілген сабаққа студенттер аса қызығушылықпен қатысып, жақсы деңгейде өтті.

 


Print