«Өнер және мәдениет саласының, кәсіби дамуы» атты әдістемелік айлықта Музыка пәні мұғалімдері менорындаушылық өнер мамандарын дайындау БББ аға оқытушысы НС.Санбаеваның жетекшілігімен «Вокалдық өнер» мамандығы студенттерінің ЕСЕПТІК КОНЦЕРТТЕРІ өткізілді. Концертте студенттер әр бағыттағы шығармаларды шебер орындап, концерт тамашалаған көрермендер мен ұстаздарының қошеметіне ие болды.
Концертмейстер: Тащанова Гүлмира Тұранқызы, Леонтьева Татьяна Алексеевна.