Ізгілікпен нұр шашар, әр шәкіртке үлгі болар Асқар Әнуарұлы 60 жаста

Бүгінде білім жолында аянбай еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қоятын, атадан қалған өнерді өлтірмей, осы күнге дейін жалғастырып келе жатқан шебер ұстазымыз мерейлі жасқа толды. Құсайынов Асқар Әнуарұлы 1963 жылы 8 қараша күні Жанақала ауданында дүние келген. 1995 жылдан бастап А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты (казіргі кезде М. Өтемісов атындағы БҚУ) «Музыкалық білім» кафедрасында «домбыра», «оркестр» класынан оқытушылық қызмет атқарып, облыстың түкпір- түкпірінен келген жастарға домбыра аспабының қыры мен сырын үйретіп, көптеген жоғары кәсіби домбырашы мамандарды өнер әлеміне дайындап оқытуда.

Ұстазға деген ұлылықпен әріптестері мен шәкірттері құттықтап құрмет көрсетті. Оқу ордамыздың басшысы атынан дайындалған адресат пен құрмет грамотасын, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Сүлейменов Мерген Қуанышұлы табыстап, тілегін жолдады. Сонымен қоса Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы өз лебізін білдірсе, факультет деканы құттықтау хатын табыс етті. Арнайы жиынға келген шәкірттеріде сөз сөйлеп өз өнерлерін ортаға салды. Студенттердің ынтамен орындаған туындылары, әріптестерінің шын көңілмен жолдаған тілектерінің барлығы ұстазымызға деген биік құрметтің үлгісі болды.

Ұстазымызға тілеріміз, абыроймен еңбек қылар шәкірттеріңіз биік белестен көрінгей. Әрқашанда мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын! Отбасыңыздың бәйтерегі болып, ұзақ жасай беріңіз!


Print