«Мәдениет және өнер факультетінде студенттердің шығармашылық әлеуетін қалыптастыру жолдары» атты әдістемелік апталығы жүзеге асырылды

27 ақпан-03 наурыз  күндері аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, мәдениет  және өнер факультетінде ұйымдастырылған «Мәдениет және өнер факультетінде студенттердің шығармашылық әлеуетін қалыптастыру жолдары» атты әдістемелік апталығы жүзеге асырылды.

Музыкалық білім және вокал кафедрасының оқытушылар құрамы да өз біліктіліктерін белсенді түрде студенттер мен қатысушы оқытушыларға жоғары деңгейде көрсетті.Өткізілген ашық сабақтар, шеберлік сағаттары қызығушылықпен жүзеге асты. Кафедра бойынша  «Изучение дисциплины  «Специальный инструмент-фортепиано» студентами без базовой музыкальной подготовки» тақырыбында аға оқытушы Э.Г. Потиченко шеберлік сағатын өткізді.Сонымен қатар, «Работа над разбором произведения композиторов Казахстана» тақырыбында  оқытушы А.В.Юрченко, «Хор партитурасымен жұмыс барысында орындаушылық дағдыны дамыту» ашық сабақ аға оқытушы Л.Қ.Өмірзақова, Күй атасы Құрманғазының 200 жылдығына орай «Құрманғазы күйлерінің орындаушылық ерекшелігі» тақырыбында шеберлік сағат оқытушы Ж.Б. Сатыбалдиев, «Күйші Қаршыға Ахмедьяров» аға оқытушы А.Ж. Кенжегалиева, «Қазақ композитор әндері» тақырыбында аға оқытушы Г.Е. Утегенованың дәріс-концерті , оқытушы М.Т. Габбасова «Күй құдырет, күй-кие» тақырыбында музыкалық квест өткізілді.

Әр оқытушы  өткізген ашық сабақтарында жаңаша, кәсіби тұрғыда, өз біліктерін көрсете білді. Әр сабақ кәсіби деңгейде  өтті. Апталыққа 1-4 курс студенттері түгел қамтылып, қатысқан студенттерге де қызықты болды деп айта аламыз. Апталықтың жабылу барысында факультет деканы лебіз білдіріп, жоғары кәсіби білікті оқытушыларымызға алғыс білдірді.  Шеберлігін шыңдай көрсете білген оқытушыларымызға табыс тілейміз!


Print