"Аяулы ұстаз" мерекелік іс-шарасы

Ұлағатты ұстаздар мерекесі қарсаңында Музыка мұғалімдерін дайындау БББ 1 курс студенттері Мәдениет және өнер факультетінің оқытушыларына арнап мерекелік концерт ұйымдастырды.Мерекелік кеште әуезді әуендер орындалып, қонақтар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай алған керемет кеш болды!
Мерекелік кештің соңында факультет деканы Қарлығаш Дайырғали қызымен БББ жетекшісі Қуаныш Лабибұлы сөз сөйлеп, кешке қатысып отырған барлық оқытушыларды мерекемен құттықтады.Топ кураторы Әлия Муратоваға алғыс айтып, студенттерімізге сәттілік тіледі!


Print