Музыка пәні мұғалімдері мен орындаушылық өнер мамандарын дайындау білімберу бағдарламасы Вокалдық өнер мамандығының 2 курс ВИ-21 тобының студенті Мерғали Алан академиялық ұтқырлық бойынша білім жетілдіріп Италия елі, Неаполь қаласы L'Orientale университетінде 1 семестр білім алып, елімізге оралды.
«Жыл сайын әр түрлі елдерден 35000-ға жуық студент жоғары білім алу үшін Италияның негізгі қалаларына барады. Кез-келген студент өзіне мақсат қойып, шет мемлекеттен білім ала алады. Бұл біздің еліміздің даму сатысындағы үлкен қолдауы. Осындай мүмкіндіктің, маған да сәті түсті»-деп қуана өз әсерімен бөлісті. Классикалық өнердің отаны деп саналатын Италия профессор-оқытушыларынан дәріс алып, итальян,ағылшын, кәріс тілдерін оқып менгеріп, сонымен қатар «Орталық Азияның тарихы» атты курсты сәтті менгеріп шықты. Білім алуымен қатар, Италияның көптеген қалаларын көріп, тарихымен мәдениетін және күнделікті өмір дәстүрлерімен таныс болды. Жеке вокалистпен жұмыстанып, итальян тілін еркін меңгеріпте алды. «Әлемді аралап білім алу, өзге жердің тарихымен танысып сананы кеңейтуді әр студент мақсатқа айналдырса деймін.Осындай таңғажайып мүмкіндікті сыйлаған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, ректорыНұрлан Хабиболлаұлына және барша профессор-оқытушылар құрамына өз ризашылығымды білдіргім келеді. Сенім білдіріп қолдаған ата-анама, өз тәжірибелерімен бөліскен оқытушыларға алғысым шексіз. Білімнің, қара шаңырағына айналған ордама жәна шығармашылық табыс, одан әрі өркендеу мен даму, ең батыл идеяларды, жобалар мен жоспарларды іске асыруда жәна бастамалардың көбеюін тілеймін!-деп өз алғысын білдірді.







